Отырар ауданы: Мобильді топтың кезекті отырысы өтті

Отырар ауданы әкімінің орынбасары Пердехан Жаппарқұловтың төрағалығымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Түркістан облысының аумағында карантин мен шектеу шараларын қатаңдату туралы» 06.07.2021 жылғы № 14 Қаулысын орындау мақсатында аудандық жерглікті полиция қызметінің бастығы, санитариялық-эпидемологиялық басқармасының өкілі және де ауыл округтердің мобильді топ мүшелерінің қатысуымен отырыс болып өтті.