Келес ауданында Рәміздер күніне орай автокөлік шеруі жолға шықты
Келес ауданында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай аудандық «Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен 4-маусым ҚР Мемлекеттік Рәміздер күні аясында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 30 автокөлік және 30 мемлекеттік тумен ауданның орталығы Абай ауылы және Қошқарата ауылдық округтерінде автошеру ұйымдастырылды.