№8 қалалық емханада туберкулез профилактикасы бойынша мониторинг жүргізілді
Туберкулез – бүгінгі таңда қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелердің бірі. Бұл аурудың алдын алу, оны ерте кезеңде анықтау және науқастарға сапалы медициналық көмек көрсету – денсаулық сақтау ұйымдарының басты міндеттерінің бірі. Осы бағыттағы жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында Шымкент қаласының №8 қалалық емханасында туберкулез профилактикасы бойынша мониторинг жүргізілді.