Super User

Super User

2026 ЖЫЛЫ ТҮРКІСТАНДА СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН ӘЛЕМДІК, АЗИЯЛЫҚ ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ 40-ҚА ЖУЫҚ ІРІ ЖАРЫС ӨТЕДІ

Түркістан облысының спорт мектептерінде 89700 спортшы спорттың 63 түрімен тұрақты түрде тегін шұғылдануда. 2024 жылмен салыстырғанда 27438 балаға немесе 69 пайызға артты. 2025 жылғы 12 айда дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданатын барлық жастағы тұрғындар саны 851 мың адамға жетіп, халықтың 42,8 пайызын құрап бекітілен индикаторлық көрсеткіш орындалды.

Сауран ауданында Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілетін өзгерістер талықыға түсті

Сауран ауданында аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілетін өзгерістер туралы мәжіліс өтті. Жиын барысында конституциялық реформалардың негізгі бағыттары қаралып, ұсыныстар мен пікірлер тыңдалды. 

Отырар ауданындағы инфрақұрылымдық жобалар ел игілігіне қызмет етуде

Түркістан өңірінің тарихи-мәдени орталығы саналатын Отырар ауданында абаттандыру және инфрақұрылымды жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлының тапсырмасына сәйкес аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің үйлестіруімен аудандық бюджет есебінен іске асқан жобалар елді мекендердің сәулеттік ажарын ашып қана қоймай, тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге бағытталып отыр.

Түркістан қаласында толық циклді тоқыма бұйымдарын өндіру бойынша мақта агроөнеркәсіптік кешені іске қосылды

Түркістанда тоқыма өнеркәсібінің жаңа дәуірі басталды. Түркістан қаласындағы «Turan» арнайы экономикалық аймағында толық циклді тоқыма бұйымдарын өндіру бойынша мақта агроөнеркәсіптік кешені іске қосылды. «Түркістан тоқыма» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (Kazakhstan Lihua) жіп иіріп, мата өндіретін ірі өндірістік кешені өз жұмысын бастады. Бұл маңызды оқиға өңірдің ғана емес, тұтас елдің жеңіл өнеркәсіп саласын дамыту жолындағы жаңа кезеңнің басталғанын айғақтайды.

Осы RSS каналға жазылу