Super User

Super User

Түркістан облысы: Арыстықтарға берілетін 100 мың теңге қашан аударылатыны белгілі болды

Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен аппарат жиыны өтті. Басқосуға Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев және аумақтық департаменттер басшылары мен Арыс қаласындағы құрылыс жұмыстарына жауапты еліміздің барлық облыстарынан келген өкілдер қатысты. Онда үстіміздегі жылдың 24 маусым күні Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайдан бүлінген тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен жолдарда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары және кәсіпкерлер мен тұрғындарға көрсетіліп жатқан көмектердің жай-күйі талқыланды. 

Түркістан облысы: Кентау қаласында модульді мал сою бекеті іске қосылды

2019 жылы жүзеге асырылатын басымды 50 жобаның бірі – қалаға қарасты Жүйнек ауылында құрылған модульді мал сою алаңы. Құны 11 млн. теңге тұратын бекет Алматы қаласынан әкелінген. Шаруақожалығының атауы – «НұрФархат». 

Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

ҚАДІРЛІ ҚАУЫМ!

Баршаңызды мұсылман қауымы үшін ең ұлық Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын! Құрбан айт – адамдардың бір-біріне деген мейірімін оятатын, көмекке мұқтаж жандардың қажетін өтеуге мүмкіндік туғызар маңызды мереке. 

Түркістан облысы: Шардара ауданында спортшыларға құрмет көрсетілді

“12-тамыз – Спортшылар күні” мерекесі қарсаңында шардаралық спортшылар марапатталды.Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы шәкірттерін жеңіс тұғырына жетелеп жүрген ардагер спортшылар мен жаттықтырушыларды марапаттап, сый-сияпат жасады. 

Осы RSS каналға жазылу