Super User

Super User

Түркістанда ретсіз сауда орындарын көшіру жұмыстары басталды

Бүгінде қаланың жаңа статусына орай алғышарттар жасалып, Түркістанның алдағы уақыттағы даму бағыттары мен шаһардың осы заманғы жаңа келбетін қалыптастырудың тетіктері қолға алынуда. Қонақтар мен туристер ең алдымен шаһардың сәулеті мен көркіне көз тігетіні сөзсіз. Сондықтан басты жұмыстар қаланың келбетіне сын келтіретін бейберекет сауда орындары мен көпшілік көп баратын орталық "Қуаныш" базарының маңындағы ретсіз сауда орындарын талапқа сай ретке келтіру болып отыр. 

Түркістан қаласындағы IT-сынып қолданысқа дайын тұр

«Нұр Отан» партиясының әлеуметтік салаға бағытталған жаңа бағдарламасы аясында мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен, үкіметтік емес ұйымдардың және бизнес-құрылымдар өкілдерімен бірлесіп, программалау және робототехника негіздерін терең оқып-үйрену үшін еліміз бойынша 1000 тегін IT-сыныптар ашуды жоспарлаған болатын. 

Түркістан облысы: Жетісай қаласындағы орталық саябақ жаңа кейіпке енеді

Осыдан 3-4 апта бұрын Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаевтың бастамасымен ауданымызда жаппай сенбілік жұмыстары қарқын алған болатын. Нәтижесінде Жетісай қаласындағы орталық саябақ жаңаша кейіпке еніп, қалыпқа келе бастады. Қазірдің өзінде мұнда демеушілер есебінен жүргіншілер жолына асфальт төселіп, жарықтандыру жұмыстары толығымен аяқталды. 

Түркістан облысы: Кентауда республикалық акция өткізілді

Өткен жұмада «Нұр Отан» партиясы Кентау қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды жәнежаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру бойынша азаматтарды Бірыңғай қабылдау күні» республикалық акциясы өткізілді. 

Осы RSS каналға жазылу