СОЗАҚ АУДАНЫНДА 750 ГЕКТАР СУАРМАЛЫ ЖЕР АҒЫН СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Созақ ауданында тұрғындарға жайлы жағдай жасау мақсатында инфрақұрылым саласына баса назар аударылған. Бүгінгі таңда Құмкент ауылдық округі тұрғындары көптен бері көтеріп жүрген «Жылыбұлақ» каналының құрылысы жүзеге асырылып, канал толықтай іске қосылды. Бұл жоба ауылдың егіс алқаптарын ағын сумен қамту мәселесін оңтайландырып, ауыл шаруашылығы саласына оң өзгерістер әкелмек.