Super User

Super User

Созақ ауданы әкімнің қабылдауында тұрғындар әлеуметтік мәселелерін ортаға салды

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша кезекті мәрте қабылдады. Қабылдауға 30-дан астам тұрғын қатысып, өздерін толғандырған мәселелерін ортаға салды.

Созақ ауданының жастары «Үздік еңбек жасағы» номинациясын иеленді

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастарды еңбекке баулу, уақытша жұмыспен қамту және қоғамдық белсенділігін арттыру мақсатында жүзеге асырылған «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары жобасының 2026 жылғы еңбек маусымы қорытындыланды.

Созақ ауданында «КАТКО» қазақ-француз бірлескен кәсіпорнының 30 жылдығы аталып өтті

Қазақстан мен Францияның уран өнеркәсібіндегі ұзақмерзімді ынтымақтастығының жарқын үлгісіне айналған «KATCO» қазақ-француз бірлескен кәсіпорнының 30 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шара өтті. Кәсіпорынның «Шаңырақ» вахталық лагерінде өткен мерекелік шара компанияның 30 жылдық тарихын қамтыған мерейтойлық бейнероликпен басталып, «Фараб» би ұжымының қазақ ұлттық биімен жалғасты.

Созақ ауданында «Мектепке жол» акциясы аясында 800-ге жуық балаға демеушілік қолдау көрсетілді

Қазіргі таңда ауданда дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы жалғасуда. Игі бастама әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға жаңа оқу жылына дайындалуға жәрдемдесіп, сапалы білім алуына қажетті жағдай жасауға бағытталған.

Осы RSS каналға жазылу