Super User

Super User

Түркістан: ашық аспан астында «Түркістан әуендері» мерекелік концерті өтті

Түркістандағы жасанды көл жағалауында ашық аспан астында ұйымдастырылған «Түркістан әуендері» мерекелік концерті тұрғындар мен қала қонақтарының басын қосты. Концерттік бағдарламада жергілікті өнерпаздар эстрадалық және халық әндерін орындап, көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады.

Түркістанда «Би Патшалығының Падишасы» атты шығармашылық кеш өтті

Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» кешенінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қазақ би өнерінің көрнекті өкілі Ұлжан Әбенқызының 70 жылдық мерейтойына арналған «Би Патшалығының Падишасы» атты шығармашылық кеші жоғары деңгейде өтті.

Түркістанда ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған «Ясауи керуені» ғылыми-танымдық семинары ұйымдастырылды

Түркістан қаласындағы «Достық» үйінде Қожа Ахмет Ясауидың рухани-философиялық мұрасын кеңінен дәріптеуге арналған «Ясауи керуені» ғылыми-танымдық семинары өтті. Ауқымды рухани-ағартушылық жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық құндылықтарды жаңғырту, тарихи тұлғалардың мұрасын кеңінен насихаттау жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мақсатында ұйымдастырылды.

Түркістандық боксшылар Азия чемпионатынан 2 алтын және 2 күміс медальмен оралды

Индонезияның Джакарта қаласында 3-16 шілде аралығында бокстан U19 және U23 жас санаттары бойынша өткен Азия чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсеткен Түркістандық былғары қолғап шеберлері ел қоржынына 2 алтын және 2 күміс медаль салды.

Осы RSS каналға жазылу