Сәбиге өмір сыйлаған бірегей ота: алты айдан кейінгі нәтиже
Шымкентте небәрі 1,5 айлық кезінде жүрегіне күрделі ота жасалған сәби бүгінде қалыпты өмірге қадам басты. Қалалық клиникалық балалар ауруханасының дәрігерлері нәрестенің өміріне қауіп төндірген сирек кездесетін жүрек ақауын анықтап, МӘМС аясында сәтті ота жасаған болатын. Операция жасалғаннан бері алты ай уақыт өтті. Осы уақыт аралығында сәби жақсы өсіп, жасына сай дамып келеді.