Super User

Super User

Созақ ауданында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Аудан аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Осы мақсатта аудан әкімдігінің бастамасымен және аудан аумағындағы кәсіпорындардың қолдауымен арнайы жарық шағылыстыратын қарғыбаулар алынып, Шолаққорған ауылындағы жол жиегінде жүретін ауыл шаруашылығы жануарларына тағылды.

Созақ ауданында «Тәртіпке тартыл» белтемірге тартылу сайысы өтті

Созақ ауданында «TUR WORKOUT» жобасы аясында «Тәртіпке тартыл» атты белтемірге тартылу сайысы ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, тәртіп пен жауапкершілік қағидаттарын дәріптеу, сондай-ақ қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын нығайту. Сонымен қатар, жастар арасында құқық бұзушылықтың, лудоманияның, қаржылық алаяқтықтың және өзге де теріс әлеуметтік құбылыстардың алдын алу көзделді.

Созақ ауданы: Сәкен майғазиев «Белсенді ұзақ өмір және тең қоғам» орталығының қызметімен танысты

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің және «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, Созақ ауданының Құрметті азаматы Сәкен Майғазиев Созақ ауылында болып, ел игілігі үшін жұмыс істеп жатқан «Белсенді ұзақ өмір және тең қоғам» орталығының қызметімен танысты.

Созақ ауданы: «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында аудан орталығы Шолаққорған ауылында кең көлемді сенбілік жұмыстары өтті. Тазалық шарасына мекеме қызметкерлері, аудан тұрғындары мен ерікті жастар белсене қатысып, қоршаған ортаны таза ұстауға өз үлестерін қосты.

Осы RSS каналға жазылу