Super User

Super User

Созақ ауданында «Ғибратты ғұмыр» атты еске алу кеші өтті

Созақ аудандық С.Қожанов атындағы тарихи-өлкетану музейінде Созақ ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі, қарымды қаламгер Есенбек Кенжеғараевтың 80 жылдығына орай «Ғибратты ғұмыр» атты еске алу кеші өтті.

Созақ ауданында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселелеріне арналған жиын өтті

Аудан прокуратурасының ұйымдастыруымен аудан аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу шаралары жөніндегі мәжіліс өтті. Жиынды аудан әкімі аппаратының басшысы Абдуахат Бакиров ашып, жүргізді.  Жиынға Созақ ауданы прокурорының орынбасары Асылбек Туршеков, аудандық полиция бөлімі, «Оңтүстік жолдары» МКК-ның өкілдері мен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы және салаға жауапты мамандар қатысты.

Созақ ауданы: ведомствоаралық комиссия отырысында өзекті мәселелер талқыланды

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен терроризмге қарсы, құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға құқық қорғау органдарының өкілдері, қорғаныс істері жөніндегі бөлім, төтенше жағдайлар бөлімі, құзырлы мекемелердің басшылары, сондай-ақ ауылдық округтер мен кент әкімдері қатысты.

Созақ ауданы: жас спортшыларға құрмет көрсетілді

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков республикалық және халықаралық додаларда ел мерейін асырып, аудан абыройын асқақтатқан жас спортшыларды қабылдап, құрмет көрсетті. Кездесу барысында аудан басшысы спортшылармен еркін форматта пікір алмасып, ашық әңгіме өрбітті. Жас буынның спорттағы жетістіктері, алдағы жоспарлары мен тың бастамалары сөз болып, жеңіс жолындағы табандылық пен қажырлы еңбектің маңызыжайында сөз қозғалды.

Осы RSS каналға жазылу