Атом электр станциясын салу – ұзақ мерзімді жоба!

Бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады. Бүгін мәслихат депутаттарымен кездескен Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді.

«АЭС құрылысына қатысты өз ұстанымымды бұған дейін бірнеше рет айттым. Әлемдегі прогрестен шет қалмау үшін біз бәсекелестікте өз артықшылықтарымызды пайдалануымыз керек. Азаматтар қолдап дауыс берген жағдайда, бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады», – деді Тоқаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы: «Атом электр станциясын салу – ұзақмерзімді жоба. Алайда бұл бастама еліміздің орнықты дамуын онжылдықтарға ілгерілетеді, энергетикалық дербестігімізді нығайтады, экономиканың, ғылым мен білімнің түрлі саласын өркендетуге тың серпін береді, сондай-ақ инженерлер шоғыры мен әртүрлі бейіндегі мамандар легін қалыптастыруға ықпал ететінін» айтты.

Маңызды тарихи месседж Қазақстанның ХХІ ғасырдағы басты инфрақұрылымдық жобасы бола алатын атом электр станциясының әлеуетті құрылысын өз мойнына алады.

Іс жүзінде АЭС елдің технологиялық дамудың жаңа кезеңіне кіруін белгілеу. Тарихи тұрғыдан алғанда, табысты елдердің бірде-бір экономикалық өрлеуі энергия көздеріне қол жеткізу саласындағы революциясыз аяқталған жоқ. АЭС-бұл таза энергияның және Қазақстан экономикасының үздіксіз өсуінің ұзақ мерзімді кепілі болса керек. Бұл келесі ұрпақтың өміріне әсер ететін негізгі жобалардың бірі. Тоқаев сөзінен осыны аңғаруға болады.

6 қазан күні осы АЭС құрылысының салыну, салынбауын шешетін референдум өтеді. Яғни АЭС құрылысы әлі басталған да жоқ. Оны бүкіл ел білсе керек еді. Алайда, осыдан бірнеше күн бұрын Алматы облысына қарасты Үлкен ауылында атом станциясын салу жұмыстары басталып кетіпті деген хабар тарап, онсыз да алаңкөңіл жұртты бір шулатты. «Бақсам бақа екен» дегендей, артынан оның Балқаш ЖЭС құрылысына қатысты ақпарат екені анықталды.

Жалпы ел тарихындағы елеулі оқиғалар кезінде түрлі болжам жасалып, хайп пен жалған ақпараттың қарша жауатын қашанғы әдеті. Онсызда, Тука айтпақшы «өр, өрме» деп отырған халықты шатастыра бермеген дұрыс шығар. Нақты дерек көзіне, әңгіменің қисынына сенген жөн деп ойлаймын.

 

Ержан Жаубай

 

Mezgil.kz

Түркістан қаласы: әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы бақылауда

Бүгінде Түркістан қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Түркістан қаласы әкімдігі тарапынан ӘМАТ бағасына мониторинг жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында Түркістан қаласы бойынша бастапқы бағасынан  15 пайыздық үстемақыдан асырмау қажеттігі туралы  25 әмбебап дүкен иелерімен меморандум түзілген.

Түркістандағы мақта өнімдерін өндіретін кәсіпорын 150-ден астам тұрғынды жұмыспен қамтып отыр

Түркістан қаласында еліміз бойынша мақтаны терең өңдеп, өнім шығаратын, шаһардың 150-ден астам тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отырған үлкен зауыт бар. Мақтадан жасалған өнімдерді өндіретін «Фараб» зауытының басшысы Құрбанәлиев Абдурасул өз жұмысын 2004 жылы бастаған болатын.

Түркістандық кәсіпкер кондитерлік цех ашып, өнім көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр

Түркістан қаласының тұрғыны, жалғызбасты ана Нағипа Жанкеева кондитерлік өнімдер шығаратын цех ашқан. Бүгінде торт, пирог, самса сынды 10-ға жуық нан өнімдерін өндіреді. Болашақта цех ауқымы мен өнім көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Халықтық штаб өкілдері Келес ауданында білім саласының қызметкерлерімен және спортшылармен кездесті

Халықтық штаб өкілдері Келес ауданында білім саласының қызметкерлерімен және спортшылармен жүздесіп, еліміздің дамуында стратегиялық мәні бар энергетика кешенін жаңғыртуға арналған бастама жөнінде мағлұмат берді. Қазақстанда атом электр станциясын салу мүмкіндіктері туралы ғалымдар мен сала мамандары беріп жатқан ақпараттарға шолу жасап, тиімділіктері жайлы ой бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Аудандағы Т.Бигелдинов, Қ.Сәтбаев атындағы орта мектептерде өткен кездесулерде штаб мүшелері елімізде атом энергетикасын дербес дамыту бағытында қажетті ғылыми және инженерлік ресурстар бар екенін айтты. Осы санатта Курчатов қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы, Алматы қаласындағы Ядролық физика институты бар екені мәлімделді.

«Бұл институттар атом электр станциясын құру процесін ғылыми-техникалық қамтамасыз ету рөлін атқарады, ал қызметкерлері халықаралық МАГАТЭ сарапшылар құрамына кіреді», - деді Халықтық штаб мүшесі Бауыржан Елеусіз.

Ауданның орталық стадионында Халықтық штаб өкілдері спортшы жастармен кездесіп, атом электр станциясының ел болашағы үшін маңыздылығын түсіндіріп өтті. АЭС құрылысы Қазақстан экономикасы үшін энергетикалық және өнеркәсіптік өндірісті әртараптандыру, заманауи технологияларды енгізу, қоршаған ортаға зиянды заттардың шығарындыларын азайту арқылы экологиялық жүктемені азайту, жаңа жұмыс орындарын ашу бағыттарында жаңа мүмкіндіктер ашатыны жария етілді.

АЭС салудағы ең маңызды мәселе – еліміздің энергетикалық әлеуетін қамтамасыз ету

Штаб мүшесі Қыдырбек Майланов электр энергиясына деген қажеттілік жылдан-жылға өспесе, кемімейтінін айтты. Аудандық штаб өкілдері АЭС салудың өзектілігін және де бұл мәселеде әрбір азаматтың пікірінің маңызын түсіндіру мақсатында «Бейнеу көпбейінді орталық ауруханасы» ШЖҚ МҚК-ның қызметкерлерімен кездесті. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.

Басқосуда штаб төрағасы Назарбек Қадір 2 қыркүйек күні Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіріп, АЭС салудағы ең маңызды мәселе – еліміздің энергетикалық әлеуетін қамтамасыз ету екенін жеткізді. 

Өз кезегінде Ардақ Бораш мемлекетімізде электр қуатының тапшылығы бар екендігін тілге тиек етсе, Қыдырбек Майланов электр энергиясына деген қажеттілік жылдан-жылға өспесе, кемімейтінін айтты. 

Сондықтан Мемлекет басшысы осы мәселеде халықтың таңдауы мен көзқарасын білу үшін нақты қадамға барып отырғандығы да айтылды. 

Кездесуге қатысушылар ойларын ортаға салып, АЭС құрылысының қауіпсіздігі мен тиімділігі төңірегіндегі қауіп, күмәндарын алдыға тартты. Штаб мүшелері барлық сұрақтарға өз деңгейінде жауап беріп, АЭС салу мәселесінде әрбір азамат өз пікірінше таңдау жасауға құқылы екендігін жеткізді.