Шымкентте қар тазалау жұмыстарына 189 арнайы техника жұмылдырылады

Шымкентте қысқы маусымға 189 арнайы техника дайындалды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 34-ке артық. 2023 жылы қар тазалау жұмыстарына 155 техника тартылған болатын. Сонымен қатар, орталық көшелерді тазалауға мердігер ұйымдардың 2000-ға жуық қызметкерлері атсалысады.

Шымкентте зейнеткерлерге шипажайда сауықтыру емін алуға 6 мыңнан астам жолдама берілді

Шымкент қаласында зейнет жасындағы азаматтарға қолайлы жағдай жасау және денсаулығын нығайту мақсатында түрлі әлеуметтік қолдау шаралары іске асырылуда. Қалалық Мәслихаттың шешіміне сәйкес, жыл сайын зейнеткерлерге арналған 5 000 шипажайға жолдама қарастырылған. Сонымен бірге, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына тиесілі, 70 орындық «Ізетті зейнеткер» сауықтыру кешені іске қосылғаннан кейін жылына қосымша 2 000 зейнеткерді сауықтыру мүмкіндігі пайда болды. Осылайша, қалада жыл сайын 7 000 ардагер мен зейнеткерге шипажайда ем алу мүмкіндігі жасалуда.

Биыл мемлекеттік тапсырыс аясында төрт шипажаймен келісім-шарт жасалды: Түркістан облысы Сайрам ауданындағы «Ақсу демі», Жамбыл облысындағы «Айша-Бибі», Жетісай қаласындағы «Күлпаршын» және Шымкент қаласындағы «Денсаулық» шипажайлары. Жыл басынан бері осы шипажайларға 6 220 жолдама беріліп, оның ішінде «Ізетті зейнеткер» сауықтыру кешенінде 1 655 зейнеткер сауықтыру емін қабылдады.

Жолдама алу процесі жеңілдетілген: кезекке тұру geo-shym.kz порталы арқылы автоматтандырылған. Азаматтар порталға тіркеліп, үйден шықпай-ақ өз кезегін ЖСН нөмірі мен тегін енгізу арқылы бақылауға мүмкіндік алады.

Сонымен қатар, 1 935 ардагер «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Оңтүстік Қазақстан», «Южный Казахстан», «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента», «Айқын» газеттері және «Ардақты ардагер» басылымына тегін жазылу мүмкіндігіне ие болды.

Қалада бүгінгі таңда 94 664 зейнеткер тіркелген, оның ішінде 2-і – Ұлы Отан соғысы ардагері, 1 687-сі – тыл еңбеккері. Сондай-ақ 66 264 көп балалы ана мен «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған 13 589 ана бар.

Шымкент: Қаратөбе тұрғын алабы көгілдір отынға қосылды

Шымкент қаласында халықты табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қаратөбе тұрғын алабы көгілдір отынға қосылды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков осы шараға арнайы қатысып, жергілікті тұрғындармен бірге газды іске қосу шарасына қатысты.

Шымкент: Цифрландыру саласының үздіктері марапатталды

Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының басшысы, Кемелов Мухит Абуталипұлы цифрлық саланың дамуына қосқан айрықша үлестері үшін бірнеше компания өкілдерін Цифрландыру және ақпараттық технологиялар мерекесімен құттықтады.

Шымкент: Аппарат мәжілісі өтті

Бүгін қала әкімі Ғ.Сыздықбековтің қатысуымен аппараттық мәжіліс өтті. Мегаполис басшысы жиынды мемлекеттік қызметкерлерді адал жұмыс істеуге шақырып, «халыққа құрғақ уәде беруді тоқтатыңдар» деп ескерту жасаудан бастады.