Түркістан облысында автожолдарды қысқы маусымға дайындау жұмыстары пысықталды
Түркістан қаласында облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына қарасты «Оңтүстік жолдары» МКК мамандарының қатысуымен 2019-2020 жылдары қыс мезгілінде облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстарының дайындығы туралы жиын өтті. Басқосуда қысқы кезеңде автожолдарды күтіп ұстау бойынша атқарылып жатқан және қолға алынатын жұмыстар жайы пысықталды.