Түркістан облысы: Шардара ауданындағы үш елдi мекенге ауызсу тартылды
Көксу ауылдық округiне қарасты Айдаркөл қашар, Баспанды және Жоласар елдi мекендерiнде ауызсу торабтары ашылды.
Көксу ауылдық округiне қарасты Айдаркөл қашар, Баспанды және Жоласар елдi мекендерiнде ауызсу торабтары ашылды.
Түлкібастық көпбалалы аналар мемлекет қолдауына иек артып, мал асырап жан бағуда. Әсіресе, өз арбасын өзі сүйрейтін еңбек адамдары үшін бұл - жақсы мүмкіндік. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, 4 балалы аналар жыл соңына дейін миллион теңгеден астам қаржы алады. Бұл бағытта қазір жан-жақты жұмыс жүріп жатыр.
Бизнес биігінен көрінген нәзікжандылар қатары күн санап артып келеді. Әсіресе ауылды аймақтарда іскер әйелдердің қарасы қалың. Себебі, мемлекеттен қолдау мол. Бір ғана Мақтарал ауданының өзінен жыл басынан бері 680 азамат кәсіптік сауатын ашқан. Бүгінде мелекеттік бағдарлама аясында 235 жоба қаржыландырылған.
Арыс қаласындағы апаттан зардап шеккен үйлердің құрылысы әлі де жалғасып жатқаны белгілі. Сүріліп қайта салынған кезекті баспананы ақтөбеліктер Кенжебековтар отбасына табыстады. 16 миллион теңгеге тұрғызылған үйге қоныстанғандардың қуанышында шек жоқ.
Мал дәрігерлік қызмет салғырт қарайтын сала емес. Осыны ескерген Бәйдібек ауданының ветеринар мамандары малдарды тоғыту, екпе егу жұмыстарына белсенділік танытуда.
Түркістан облысы, Жетісай ауданында әлеуметтік жәрдемақының жаңа түрі түсіндірілді. Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділхан Әбжанов пен аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Жұмағали Төреқұл бастаған топ елді мекендерді аралауды бастады.
Түркістан облысы Полиция департаменті жанынан құрылған фронт-офистер қарқынды жұмыстар атқаруда. Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасындағы тапсырмаларды орындау мақсатында, сондай-ақ аумақтық полиция бөліністерінде бірыңғай үлгі бойынша азаматтарды қабылдау үшін Түркістан облысы Полиция департаментінде халықтық-кеңселер ашылып, азаматтарды қабылдауда.
Түлкібастық көпбалалы ана атаулы әлеуметтік көмек қаржысына үй іргелік сүт фермасын ашуды жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда Түлкібас ауданында жұмыссыз, тұрмысы төмен азаматтарға және табысы төмен отбасыларға, оның ішінде көпбалалы отбасыларға мемлекет тарапынан тұрмыс сапасын арттыруға және өзін-өзі жұмыспен қамтуға бағытталған бағдарламалар толыққанды іске асуда.