Түркістандық тәртіп сақшылары аз қамтылған отбасыларға ай сайын көмек көрсетеді

Түркістан облысы Арыс қаласының полиция қызметкерлері аз қамтылған отбасыға қуаныш сыйлады. Атап айтсақ, Түркістан облысы Арыс қаласының полицейлері ай сайын өз тараптарынан қаржы жинап, аз қамтылған және жағдайы төмен, көпбалалы отбасы мен жалғызілікті аналарға көмек қолын созып келеді.

Түркістан облысы: Қазығұртта полицейлер 60 жасар әйелді өлімнен құтқарып қалды

Түркістан облысы полицейлері малын іздеп шығып, жардан құлап 5 сағаттай жатып қалған тұрғынды құтқарды. Қазығұрт АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан кешкі уақытта жайылымнан келмеген малын іздеп шыққан 60 жастағы анасы бірнеше сағаттан бері із-түссіз жоқ болып кеткені жөнінде хабарлама келіп түседі.

Түркістанда заманауи көрікті «Гүлдер саябағы» ашылды

Түркістан шаһары жаңа саябақпен толықты. Қаладағы Есім хан алаңына жаңадан көрік берген «Гүлдер» саябағы ресми түрде ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев пен қала əкімі Рашид Аюпов, сондай-ақ, зиялы қауым өкілдері келіп, гүлзарлы орынның лентасын қиды.

Түркістан облысы: Сайрам ауданында оқушыларды кереғар ағымдардан сақтандырған жиын өтті

Бүгін Сайрам ауданының орталығы Ақсукент ауыл округіндегі №97 Сұраншы Батыр атындағы жалпы орта мектептің жоғарғы сынып оқушыларына «Кереғар діни ағымдар бірлікке емес, бүлікке шақырады» тақырыбында кездесу болып өтті. Оған Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-ның Сайрам ауданындағы дінтанушы-теолог маманы Ж.Битанов қатысты. 

Түркістан облысы: Жетісай ауданында Халық банктің бөлімшесі ашылды

Енді жетісайлық қариялар зейнетақысын кезек күтпей, жылдам ала алады. Шалғайдағы аймақта қала тұрғындары мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға банк қызметін сапалы түрде көрсететін жаңартылған орталық ашылды. Заманауи ғимарат соңғы үлгіде жабдықталған. 

Түркістан облысы: Бәйдібекте «Бастау бизнес» жобасының түлектері жәрмеңке ұйымдастырды

«Бастау бизнес» жобасы түлектерінің ұйымдастыруымен Бәйдібек ауданының орталығында алғаш рет жәрмеңке өтті. Бастау жобасы бойынша оқыған болашақ кәсіпкерлер өздерінің қолдарынан келген өнімдерін жасап жәрмеңкеге шығарып, базар нарығынан төмен бағада аудан тұрғындарына ұсынды.

Түркістан облысы: Келесте 9400 отбасына атаулы әлеуметтік көмек берілген

Келес ауданы әкімдігіне қарасты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Асылхан Бахтиярұлы Келімбетов бөлімнің ағымдағы жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы есебін жергілікті БАҚ өкілдерімен бөлісті.