Түркістан облысы: Сарыағаш ауданында әкенің қоғамдағы рөлі талқыланды
Аудандық сот пен аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия ұйымдастырған басқосуда «Отбасылық сот» пилоттық жобасы аясында түсірілген бейнефильм көрсетілді. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары М.Сейтімбетов пен аудандық соттың төрағасы Т.Машрапов, ауданның бас имамы Т.Төлебеков пен білім бөлімі жанындағы қамқоршылық кеңесінің төрағасы А.Белқожа, прокуратура және полиция қызметкерлері, жергілікті тұрғындар қатысты.