Жұма, 20 Қазан 2023 14:28

Түркістандағы халықаралық әуежайдың әлеуетін көтеру жолдары қаралды

Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен Түркістандағы халықаралық әуежайды дамыту, жұмысын жандандыру мәселесі талқыланды. Өңір басшысы замануаи әуежайдың мүмкіндігі мен әлеуеті толық қолданылмай отырғанына тоқталып, жауапты басқарма басшысына тапсырма беріп,  әуежай басшылығына ескертпе мен ұсыныстарын жеткізді. 

– Халықаралық және ішкі бағыттарды көбейту керек. Шетелдің ірі әуе компанияларымен байланыс нашар. Әуежай жұмысын туризм саласымен байланыстыра дамытуды ұсынамын. Жауапты басқармамен бірлесе жұмыс атқарып, туристер санын арттырған жөн. Малайзия, Түркия, Ресей, Қытайға әуе рейстерін көбейтіп, саяхатшыларды тарту қажет. Әсіресе, Түркістанға зияратшылар шоғырын арттыруға мүмкіндік мол. Шетелдіктерге Түркістан тарихы,  Қожа Ахмет Ясауи туралы насихаттау жұмыстары қолға алынсын. Екіншіден, Түркістан халықаралық әуежайының логистикалық әлеуетін де арттырып, жүк тасымалын ұлғайту маңызды. Жұмысты жандандыру керек, былай құр отыруға болмайды. Осы бағыттар бойынша нақты жоспар, ұсыныстар әзірленсін. Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуы тиіс. Әуежайдың даму жоспары, стратегиясы болуы қажет, – деді Дархан Сатыбалды. 

Мәжілісте Түркістан халықаралық әуежайы өкілдерінің ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды. Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов әуежайдың қазіргі жай-күйі, атқарылған жұмыстар туралы баяндады. 

Бүгінгі таңда Түркістан әуежайынан Ыстамбұл және Эль-Кувейт қалаларына халықаралық бағыт жұмыс істеп тұр. Сонымен бірге Астана, Алматы, Ақтау, Қарағанды, Ақтөбе және Орал қалаларына да тұрақты рейстер бар. «Turkish Airlines», «Jazeera Airways», «FlyArystan», «Scat», «Qazaq Air»  және  «Южное небо» әуе компаниялары қызмет көрсетуде. 

Алдағы уақытта Түркістан қаласынан халықаралық әуе рейстерін ашу,  Өскемен, Павлодар, Атырау, Көкшетау, Үшарал қалаларына субсидияланатын әуе рейстерін ұйымдастыру жоспарланған. Астана және Астана қалаларына қолданыстағы рейстер саны ұлғайтылды. Биыл қазан айында келіссөздердің арқасында «Түркістан-Абу-Даби» бағыты ашылды

Түркістан әуежайының жолаушылар ағыны 2022 жылы 373,8 мың жолаушыны құрады. Оның ішінде  81,3 мың адам халықаралық рейспен ұшса, ел ішінде 292,5 мың жолаушы тасымалданған. Көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 24%-ға артқан. Жолаушылар тасымалы бойынша Түркістан әуежайы республикада 7-орында тұр. 

Түркістан облысындағы жаңа әуежай ғимараты әлемдегі ең жылдам салынған аэропорт ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін. Бүгінде Түркістан әуежайының аумағына 140 мың ағаш егілді Түркістан қаласынан 16 шақырым қашықтықта орналасқан халықаралық әуежайға барар тасжолдың бойы тұтастай жасыл желекке бөленеді. Мұнда 140 мың түп шаған, үйеңкі, қарағаш, бозарша, жиде ағаш көшеттері отырғызылды.Яғни әуежай аумағында  тамшылатып суару жүйелері жүріп жатыр. Мамандардың айтуынша, алдағы 2-3 жылда бұл аймақ жайқалып, қалың орманға айналады. Енді бұл жерлерге далалық шөп тұқымдары себіліп, газон төселмек.

«Түркістан Халықаралық Әуежайы «бұл МЖӘ жобасы (Мемлекеттік-Жекешелік Әріптестік) шеңберінде өз қызметін жүргізетін» YDA INSAAT SANAYI VE TICARET ANONIM SIRKETI » АҚ-ның 100% инвестициялық жобасы. Түркістан қаласының әуежайы халықаралық стандарттарға сәйкес жобаланған. Жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін еуропалық стандарттарға және IATA стандарттарына сәйкес қамтамасыз ету үшін терминал қауіпсіздік пен күзеттің барлық қажетті талаптарымен жабдықталған. Өткізу қабілеті сағатына 450жол/сағатты құрайды. 2 телескоптық трап, 14 жолаушыларды тіркеу бағандары, 88 орындық автотұрақ, сондай-ақ VIP және CIP залдары бар.

Әлемге ашылған Түркістан қақпасы! Халықаралық Түркістан әуежайынан алғашқы рейс 1 желтоқсан күні «Fly Arystan» авиакомпаниясы арқылы жүзеге асты. Осылайша, Халықаралық Түркістан әуежайының жұмысы Астана қаласынан Түркістан қаласына бағыт алған «Fly Arystan» авиакомпанисының рейсімен басталды. YDA Group төрағасының айтуы бойынша, Түркістан халықаралық әуежайы рекордты 11 ай мерзімі ішінде салынып бітті. Әуежай посткеңестік мемлекеттер арасында Гринфилд түріндегі нөлден бастап салынған тұңғыш әуежай болып саналады. 28 қыркүйек сол кездегі президент Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен салтанатты түрде ашылған әуежайымыз Түркістанның әлемге ашылған қақпасы болуға мүмкіндік береді.

«YDA ретінде айтарымыз Біз Қазақстанды екінші Отанымыз ретінде қабылдаймыз. Біздің алғашқы мемлекеттік-жеке серіктестік жобамыз 2007 жылы салынып, қазіргі кезде жұмысын қарқынды түрде жасап жатқан Ақтау халықаралық әуежайы. Бүгінде біз Түркістан әуежайында алғашқы жолаушыларымызды қарсы алғанымыз үшін өте қуаныштымыз және Ақтау қаласындағы әуежайымыз сияқты Түркістан әуежайы да сәтті жобаларымыздың қатарын толықтыратынына сеніміміз мол. Ұлы Қазақ даласында Қазақ-Түрік бауырластығының символы болатындай әлі де көптеген жобаларды жүзеге асырамыз деген ойдамыз. Түркістан әуежайының өсіп өркендеуіне шын жүректен тілектеспін.»,- деді Хусейн Арслан.

Жылына 3 миллион жолаушы тасымалына қабілетті әуежайымыз туризмді дамытуға өте үлкен мүмкіндік береді. Түркістан халықаралық әуежайы 905 га көлемін қамтиды, ұшу-қону жолағы 3300 м., 2 рулежді жолақ, 1 қызмет көрсету алаңы, 7 үлкен көлемді әуе кемесін сыйдыра алатын перрон, терминал мен өндірістік ғимараттар аумағы 25 мың шаршы метрді құрайды. Алдағы уақытта, Түркістан халықаралық әуежайынан Стамбул, Мекке, Баку, Мәскеу қалаларына рейстер ашу жоспарланып отыр.

2021 жылғы 21 наурызда Наурыз мейрамы қарсаңында алғашқы отандық лоукост әуе тасымалдаушысы Fly Arystan әуе компаниясы Қазақстанның рухани астанасы Түркістан қаласынан Ыстанбұлға алғашқы халықаралық тұрақты рейсті орындады. Түркістан қаласының әуежайы шет елдердің әуе компанияларының ұшуы үшін «ашық аспан» режиміне енгізілген. Бұл ұшу географиясын кеңейту үшін әуежайды тартымды етеді және шетелдік туристерді көптеп тартуға ықпал етеді. Түркістаннан Новосибирскіге (РФ), Бішкекке (Қырғызстан), Ташкентке (Өзбекстан) және т.б. жаңа рейстерді іске қосу жоспарда бар. Рейстер санитарлық – эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

“Wizz Air” авиакомпаниясы «Түркістан – Абу-Даби (БАӘ)» әуе бағыты бойынша рейстерді 2023 жылдың қазан айынан бастағаны белгілі. Рейстер аптасына 2 рет жиілікпен заманауи А-321 ұшақтарымен орындалатын болады.Сондай-ақ, “Wizz Air”авиакомпаниясының өкілдеріне Түркістан қаласының туристік нысандарына тур ұйымдастырылып, Түркістан халықаралық әуежайы және ондағы арнайы техникалар таныстырылды. Өңірдің сауда-экономикалық қатынастарын нығайту және туризм саласын жан-жақты дамыту мақсатында облыс әкімдігі тарапынан тиісті қолдаулардың болатыны жеткізілді.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 255 рет