Жексенбі, 22 Қазан 2023 17:48

Отырар ауданы: егістік жерлерге ағын су жеткізу мәселелері қаралды

Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанхановтың аудан тұрғындарымен кезекті кездесу жиыны  Қоғам және Қарғалы ауыл округтерінде өтті. Кездесуде аудан басшысы аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, қос ауыл округінде көтерілген мәселелердің іске асу барысы туралы айтып өтті.

Аталған ауыл округтерінде қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі ағын су тапшылығы болып отыр. Шаруалардың егістік жерлеріне ағын су жеткізу үшін «Қызыл-Ту» насос станциясынан 6 дана СНП насосы іске қосылған. Алайда елді мекендердегі ағын су тапшылығы мұнымен толық шешімін табады деген сөз емес. Осы мақсатта Д.Алтынбеков каналын бетондау жұмыстарын жүргізу жұмыстары қолға алынып, бүгінде демеушілер есебінен жобалық сметалық құжаты дайындалуда. ЖСҚ дайын болған соң қаржыландыруға «Қазсушар» РМК-на ұсынылады.

Биылғы жылдың басында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан «Түркістан облысының агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған даму бағдарламасы және еңбек өнімділігін арттыру» бағытында Отырар ауданына 18 көрсеткіш бектіліп берілген. Аталған көрсеткіштердің қаңтар-тамыз айларында «бір алқаптан 2-3 өнім алу», тамшылатып суғару, жылыжай салу және қарқынды бау шаруашылығын дамыту, жеміс-көкөніс сақтау қоймасын салу жобалары толығымен орындалып отыр. Атап айтқанда:Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің жоспары 39,1 миллиард теңге болса, қаңтар-тамыз айларындағы статистикалық мәліметке сай 17,6 миллиард (НКИ 91,7 %) теңге болып, 45,0 пайызды құрады. Оның ішінде:Өсімдік шаруашылығы: 6,1 миллиард теңге. Мал шаруашылығы: 11,5  миллиард теңге. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған ивестициялар жоспары 3,7 миллиард теңге болса, орындалуы — 1,5 миллиард теңге (39,6 пайыз).

Егіс көлемін ұлғайту бойынша 36 246 гектар жерге егіс егу жоспарланса, орындалуы — 33 440 гектар немесе 92,3 пайыз. Жоспардың орындалмау себебі, Аққұм ауыл округіне қарасты «Аққұм» ЖШС-нің (үркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қылмыстық іс жүргізуіне байланысты 5000 гектар егіс алқабының 2 200 гектар жері игерілмеген егістік алқабын толық игермеуінен, сонымен қатар ағын су тапшылығына байланысты Д.Алтынбеков каналының аяқ жақ бөлігінде орналасқан Қарғалы ауыл округі Отырар елді мекенінің 600 гектар егістік алқаптарының игерілмеуінен жоспар толық орындалмаған.

«Бір алқаптан 2-3 өнім алу жобасы» бойынша 230,0 гектар жерді игеру жоспарланса, жоспар барлық ауыл округінде 100 пайызға толығымен орындалған. Тамшылатып суғару әдісін ендіруге 425 гектар жоспарланып, орындалуы — 435 гектар немесе 102,4 пайыз. Жоспарды Көксарай, Маяқұм, Отырар ауыл округтері мүлдем орындамаған. Жаңбырлатып суғару әдісін енгізуге 770 гектар жоспарланса, орындалуы — 280 гектар, 36,4 пайыз. Жоспарды тек Ақтөбе, Қарақоңыр, Шілік ауыл округі ғана орындаса, қалған ауыл округтерінде бұл бағыт бойынша бірде-бір жоба іске аспаған.

Мұнан бөлек Мыңшұқыр ауылындағы көпқабатты тұрғын үйлердің артындағы жол бойы жарықтандырылып, Қоғам ауылындағы Бескепе көшесін орта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 2024 жылы аудандық бюджетке қаржыландыруға ұсыну жоспарлануда. Сондай-ақ, Талапты елді мекеніндегі ауылдық амбулаторияның құрылысына биыл облыстық бюджеттен қаржы қаралып, бүгінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Биылғы жылы аудандағы 5 елді мекеннің ауыз су жүйелеріне ағымдағы жөндеу және бірнеше ауыз су нысандарына насос жиынтықтарын сатып алу жұмыстарына мемлекеттік сатып алу жүргізілуде. Аталған елді мекендердің қатарында Отырар ауылы да қамтылған. Сонымен бірге Қоғам елді мекенінде балалар ойын алаңшасын салу және Отырар елді мекеніндегі ішкі көшелерге аяқ жолдар салу жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, Талапты елді мекеніндегі Ж.Смайлов және Қарғалы елді мекеніндегі Қарғалы-2 көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Отырар ауылындағы "Ауыл- Ел бесігі" мемлекеттік бағдарламасы аясында Т.Ибрагимов көшесіне асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Кездесу барысында Қоғам ауылының тұрғындары А.Мәмбетәлі, Ә.Аққұлов, Н.Додабаев, А.Тілеуовтар мен Отырар ауылының тұрғындары Е.Шынтереков, Н.Ердемқұл, С.Дүйсенбаев, Ж.Исаевтар ағын су жеткізу, ауыз су жүйелерін жөндеу, газдандыру жұмыстары туралы көкейдегі сауалдарын қойды. Аталған мәселелерді мұқият тыңдаған аудан басшысы жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, заң аясында тиісті жұмыстарды атқаруды тапсырды.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 7 наурызда «Әкімдердің халықпен кездесулер өткізуі туралы» жарлыққа қол қойды. Онда «Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін, олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін» делінген. Жаңа құжат бойынша, облыс әкімі жарты жылда бір рет «әр ауданда және облыстық маңызы бар әр қалада кемінде бір көшпелі кездесу», республикалық маңызы бар қала, астана әкімі «қаланың әр ауданында тоқсан сайын кемінде бір көшпелі кездесу», аудан әкімі «әр ауылда, кентте, ауылдық округте, аудандық маңызы бар қалада тоқсан сайын кемінде бір көшпелі кездесу» өткізуі тиіс. Әкім кездесулерінің «икемді жылдық» күнтізбесі «қажет болған жағдайда» тиісті мәслихаттың келісімімен жыл басында әзірленіп, жыл сайын 20 қаңтарға дейін үкіметке ұсынылуы қажет.

Бұған қоса, әкім «халықтың талап етуі бойынша және қажет болған кезде» халықпен күнтізбеден тыс кездесіп отыруы тиіс болады. Жарлықта әкім кездесуінің регламенті де нақтылана түскен. Енді аймақ басшысы жоспарланған уақыттың «төрттен бірден аспайтын бөлігін» баяндама оқуға арнайды, ал қалған уақытты «сұрақ-жауап» форматында өткізеді. Бұл үшін әкім алдын ала жергілікті қоғам өкілдерінен «халықтың сұрауы мен ұсыныстарын жинау жөнінде комиссия» құрады. «Әкімдік пен әкім аппараты кездесуге мүдделі адамдардың ауқымды аудиториясын, оның ішінде мәслихат депутаттарын, партия, қоғамдық ұйым және оппозиция өкілдерін тартсын» делінген жарлықта.

Жаңа Жарлыққа сай облыс және республикалық маңызға ие қалалардың әкімдері әр 6 ай са­йын халыққа атқарылған жұмыс­тың есебін беріп, тұрғындарды толғандырған мәселелермен жа­қын танысуға міндетті. Әрі мұн­дай жиындар көшпелі форматқа ие болып, өңірдегі барлық аудан­дар мен қалаларды қамтуы керек. Алып шаһардың әкімдері де аудан тұрғындарымен тоқсанына бір рет дидарласады. Одан бөлек, халық талап етсе, әкімдер күнтізбеден тыс кездесу­лер де ұйымдастырылады. Техни­калық мүмкіндікке сай мұндай басқосуларды онлайн режимде де өткізуге болады. Демек, өңір бас­шысының қабылдауында болу үшін айлап кезек күтудің қажеті жоқ. Ал халықпен кездесулердің жаңашылдық ретінде әкімдіктер­дің нақты мәселелерге ден қоюын айтуға болады. Яғни, әкімдер бұ­рынғыдай ұзын сонар баяндама оқып, жұртты мезі етпейді. Тек өңірдің әлеуметтік-экономи­ка­лық көрсеткіштеріне азғана уақыт шолу жасап өтеді. Мәселен, 2 сағатқа жоспарланған кездесудің 30 минуты ғана әкімнің баян­да­ма­­сына арналуы керек. Қалған уақытта тұрғындар өңір басшы­сына көкейде жүрген сауалдарын жолдап, нақты жауап алады.

Жергілікті жердегі өзекті мәсе­лелермен кездесуге дейін арна­йы комиссия танысып шығады. Кейін бұл мәселелерді шешудің алгоритмі жасалып, ол БАҚ, әлеу­меттік желі арқылы халыққа та­ныстырылады. Халықпен кездесуден кейін әкімдер жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының бас­шыларымен, мәслихат депутат­та­рымен бірігіп, азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдайды. Айтпақшы, Жарлықта әкімнің халықпен кездесуіне қатысушы­лардың аудиториясына байла­ныс­ты да нақты нұсқау бар. Ал­дағы уақытта есепті басқосуларда залды бұрынғыдай басшының әр сөзіне бас шұлғып отыратын мем­лекеттік және бюджеттік мекеме­лердің қызметкерлері ғана тол­тырмайды. Аудиторияның негізгі бөлігін мәслихат депутаттары, партиялар, қоғамдық ұйымдар мен оппозиция өкілдері құрайды.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 331 рет