Сейсенбі, 16 Сәуір 2024 08:44

Түркістан облысы: Президент тапсырмасының орындалуы бойынша жиын өтті

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өткен болатын. Аталған жиында Мемлекет басшысы бірқатар тапсырмалар беріп, міндеттер жүктеген еді. Бүгін Түркістанда облыс әкімі Дархан Сатыбалды Президент тапсырмасының орындалуы бойынша аппараттық жиын өткізді.

– Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен отырыста Қазақстанның 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңнің негізгі міндеттері айқындалды. Кеңейтілген отырыста Президентіміз Түркістан өңіріндегі құрғақшылық пен су тапшылығы мәселесін шешуде су үнемдеу технологиясын кең ауқымда енгізуді тапсырды. Бұл бағытта суды көп қажет ететін дақылдарды азайтып, құрғақшылыққа төзімді дақылдарды көбейтудің қажеттілігіне тоқталды. Әрине, бұл – бүгінгі күн тәртібінде тұрған негізгі мәселенің бірі. Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы орындауға бар күшімізді саламыз, – деген облыс әкімі осы мақсатта Түркістан облысының арнайы іс-шара жоспары бекітілетінін атап өтті.

Облыстағы 832 елді мекеннің 739-ы ауыз сумен қамтылған. Оның ішінде қалаларда – 99,8%, ауылдық елді мекендерде – 97% құрайды. 2024 жылы 47 нысанның құрылысына бюджеттен 13,3 млрд теңге бөлінді. Соның ішінде, биыл 37 нысан аяқталады, қалған 10 нысан 2025 жылға өтпелі. Нәтижесінде 24 елді мекен ауыз сумен қамтылады, 13 елді мекеннің тозығы жеткен су құбырлары қайта жаңартылады.

Облыс елді мекендерін 100% ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, «Түркістан облысы бойынша ауыз сумен қамтамасыз етудің 2023-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспары» бекітілді. Жоспарға сәйкес, облыстағы 93 елді мекенді (53,3 мың халық) ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда. Өңір басшысы суармалы судың жайын да жіті қадағалауды тапсырды. Түркістан облысының ауыл шаруашылығы республикада ерекше орын алады. Климаттың орналасу, жұмыс күші тұрғысында облыс агаралық саланы дамытуға еліміздегі ең қолайлы өңір болғандықтан, ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 13,3 %-ы облысқа тиесілі болып отыр.

Сонымен қатар инвестиция тарту, жұмыс орындарын ашу өңірдің басты бағыты екені белгілі. Өткен жылдың қорытындысымен өңір экономикасына 972 млрд теңге инвестиция тартылып, алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 126,1%-ға артты. Өсім динамикасы бойынша еліміз бойынша үздік үштіктер қатарында. Үкіметпен бекітілген жоспар артығымен орындалды. Сондай-ақ былтыр Түркістан облысында 126,9 млрд. теңгеге 56 инвестициялық жоба іске қосылды. Алдағы үш жылда агроөнеркәсіп, машина жасау, білім және денсаулық, өнеркәсіп және құрылыс, туризм мен энергетика салаларын қамту жоспарлануда.

Облыс әкімі «Жайлы мектеп» пилоттық жобасына қатысты Президент жүктеген тапсырманы жергілікті жерде орындау үшін жұмыла жұмыс істеу қажеттігін айтты. Өңірде осы жобаны жүзеге асыру бойынша арнайы штаб құрылып, жоспар бекітілген. Жуырда Дархан Сатыбалды жайлы мектептердің құрылысы мен жабдықтауына жауапты компаниялардың басын қосып, ауқымды жиын өткізбек. Мәселе тұрақты бақылауға алынған. Өңірде осы жоба аясында 63 мектеп салынады.

Биыл Түркістан қаласы түркі әлемінің туристік астанасы атанып отыр. Бұл шешім түркітілдес елдердің туризм бағытындағы қарым-қатынасын нығайтуға айрықша серпін беретінін тілге тиек еткен облыс әкімі сала басшыларына бірқатар міндеттер жүктеді. Туризм бағытында инвест жобалар арттыруды тапсырды. Сонымен қатар алдағы уақытта Түркістан облысында тарихи-танымдық туризмінен бөлек, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм бағыты да жанданбақ.

Түркістан облысының 2030 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясының кешенді жоспары әзірленуде. Өңірдің дамуының негізгі мақсаттары, алда қол жеткізетін көрсеткіштер, басты бағыттар мен экономикалық бастамалар осы құжатқа енгізіледі.

Бұл мақсатта ауқымды зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Құжатты дайындау үш кезеңнен тұрады. Жоба жұмысына бір топ сарапшылар атсалысып жатыр. Маңызды құжатты дайындауда өңір дамуындағы проблемаларды ескере отырып, дамыған елдер тәжірибелері де ескерілуде. Аталған құжатта 8 негізгі стратегиялық бағыт айқындалып, сол бойынша іс-шаралар кешенін қамтиды.

Стратегиялық құжатты әзірлеу барысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалық етуімен өткен мәжілісте жан-жақты талқыланды. Жиынға барлық аудан, қала әкімдері мен басқарма басшылары қатысты. Қатысушылар жоспарды іске асыру мәселелерін және асырудың одан арғы қадамдары туралы өз ойларын ортаға салды.

Жоба теңгерімді аумақтық даму, адами капиталдың сапасын арттыру, халыққа қолжетімді инфрақұрылым, халықтың табысын арттыру, тұрақты экономикалық өсу секілді стратегияны іске асыру алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге, басымдықтарды дамытуға және өңір тұрғындарының әл-ауқатының тұрақты өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Басты стратегиялық мақсат ретінде алдағы жылдарға облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын арттыру саналады. Дамудың басты драйвері – ауыл шаруашылығы саласы.Халықтың табысын арттыру – басты назарда. Аймақ басшысы экономиканы әртараптандыру мен өңдеу өнеркәсібіне басымдық берудің маңыздылығын айтты. Тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланып отырғанын жеткізді.

2023 жылғы  Түркістан облысының Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауда көлемі 11,4 млн. АҚШ долларын немесе 2022 жылғы қаңтар деңгейіне 98,5% құрады, оның ішінде экспорт, тиісінше – 6 млн. АҚШ долларын немесе 171,1%, импорт – 5,4 млн. АҚШ долларын немесе 66,6% құрады. Сонымен қатар, өңір ауылшаруашылық өнімдерінің ең ірі жеткізушісі болып табылады. Облыстың үлкен артықшылығы — тез дамып келе жатқан және халқы тығыз орналасқан Ташкент елімен көршілес. Тиісті инфрақұрылымды дамыту кезінде  шекара маңы ынтымақтастықтың ірі орталығына айналуы мүмкіндігі жоғары.  Өнеркәсіпті дамытудың перспективалы бағыттары тау-кен өндіру өнеркәсібі, машина жасау, тамақ өнімдерін өндіру, құрылыс материалдарын өндіру екені белгілі. Тау-кен өнеркәсібінің дамуы өнеркәсіптік айналымға перспективалы барит кендерін, мыс пен кенді емес пайдалы қазбаларды тартумен байланысты болады. экономикасының негізгі құраушы көзі  ауыл шаруашылығы (18,2%), өнеркәсіп (18,4%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (10,1%), құрылыс (9,2%), көлік және қоймалау (9,0%) болып табылады.

Сондай-ақ, Түркістан  облысында ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің көрсетілетін қызметтерінің жалпы шығарылымы 74956,5 млн. теңгені құрап, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,8% артты. 2023 жылғы қаңтар-ақпанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 135611,2 млн. теңгені құрады, бұл 2022 жылдың тиісті деңгейінен 7,6% артты. Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өндіріс көлемі 1% төмендеді, өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі – 6%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда – 57,2%, сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте өндіріс көлемі 48,1% артты. 2023 жылғы қаңтар-ақпанда құрылыс жұмыстарының  көлемі 14972,1 млн. теңгені құрап отыр.

Сонымен қатар, ЖӨӨ құрылымында тауар өндіру үлесі 39,4 % өсті.  Облыс экономикасын дамыту үшін өнеркәсіпті дамытуға жағдай жасалуы тиіс. Облыста 9 индустриалды аймаққа талдау жүргізіліп, олардың нашарлағаны немесе мүлдем жұмыс істемейтіні анықталды. Осыған дейін, тоғыз жұмыс істемейтін аймақтың орнына машина құрастыру, азық-түлік өндірісі мен жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясы секілді бағытта белсенді серпін беретін 3 индустриалды аймаққа күш салу керектігі айтылған болатын. Олар: Кентау, Түркістан қаласы мен Ордабасы ауданы еді.

Бүгінгі таңда Түркістан  бойынша  кәсіпорынның 2023 жылғы  статистистикасы: 17000 шаруашылық жүргізуші субъект (заңды тұлға) тіркелді, олардың 15391 жұмыс істеп тұр. Тіркелген заңды тұлғалар ішінде шағын заңды тұлғалар саны (100 адамға дейін) – 16370, орта заңды тұлғалар (101 ден 250 адамға дейін) – 525, ірі заңды тұлғалар (250 адамнан жоғары) – 105, оның ішінде жұмыс істейтіндер — тиісінше – 14761, 525 және 105 бірлік.  Айта кететіні қызметкерлерге берілетін айлық көрсеткіші орта есеппен 240720 теңгені құрап отыр. Осы тоқсанда нақты жалақы индексі 97,2% құрады. 

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 191 рет