Сәрсенбі, 18 Желтоқсан 2024 12:28

Сауран ауданында этносаяси ахуал, патриотизм, азаматтық бірегейлік тақырыптарында кездесу өтті

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері мен өңір тұрғындары арасындағы кездесулері мен фокус-топтық зерттеу жұмыстары жалғасуда.

Тұрғындармен кезекті кездесу Ораңғай және Қарашық ауылында өтті. Аталған кездесулерге облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Этносаралық қатынастар саласы мониторингі және ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Х.Исақов, «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сауран аудандық филиалының басшысы А.Раматуллаев, Дін мәселелерін зерттеу орталығы КММ-нің бөлім басшысы Дүйсен Асхат, сондай-ақ тұрғындар, дін саласындағы өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аудандық ақсақалдар кеңесінің мүшелері, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, этнос жастары қатысты.

Бұл ретте, тұрғындар арасында өткен кездесу «Азаматтылық түсінігі және патриотизм», «Азаматтық бірегейлік діни тұрғыда» тақырыптарында және «Қоғамдағы этносаяси ахуал бойынша тұрғындардың «Этнос өкілдерінің қазақстандық қоғамға интеграциялануы» атты фокус-топтық зерттеу жұмыстарын қамтыды.  Басқосу барысында жоғарыда аталған тақырыптар төңірегінде ой қозғалып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Сондай-ақ жиналған жұртшылық өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптар алды.

Ел тыныштықта ғана гүлденеді, дамиды. Бұл ретте, қоғамның бірлігі мен ынтымағын сақтау – басты міндет. Бүгінде 2 миллионнан астам тұрғыны бар Түркістан облысында 50-ден аса этнос өкілдері киелі шаңырақ астында тату-тәтті ынтымақта өмір сүріп келеді. Облыста мемлекеттік тілді меңгерген этнос өкілдері де аз емес, бұл тұрғыда мәселе жоқ деуге болады. Дегенмен этносаралық факторды саясиландыруға және бұл мәселеде арандатушылық сипаттағы талқылауларға мүлде жол бермеу бағытында жұмыстарды күшейту маңызды. Қазір ақпарат дәуірі, көп азаматтар, әсіресе жастар ақпаратты әлеуметтік желі арқылы алып отыр. Осы орайда, фейк ақпараттармен күрес жұмыстарына сақтықпен қарауымыз керек екені айтпаса да түсінікті.

Қоғам тұрақтылығының басты факторларының бірі – дінаралық және этносаралық тату-лықты дамыту. Бұл өз кезегінде ұлттық қауіпсіздіктің негізгі бөлігі. Қоғамның дамуы – кез келген азаматының көзқарастары мен нанымдарына төзімділікпен және құрметпен қарауға негізделген. Осылайша, Қазақ елі ұлтаралық және дінаралық татулықтың өзіндік қайталанбас үлгісін қалыптастырған. 

Қазақстан – ұлан-байтақ даласында көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келген мемлекет. Осындай саналуандыққа қарамастан, бүгінгі күні мемлекеттік және әлемдік масштабтағы ресми өкілдер орталарында Қазақстан этносаралық және конфессияаралық келеңсіздіктері жоқ санаулы ғана «оазистердің» бірі болып табылады деген түсінік қалыптасты.

Еліміздегі ұлтаралық және конфессияаралық келісім мен татулықты орнықтыруда маңызы ерекше болған нәрсе – дәстүрлі сипатқа сай Ислам, христиан және иудейлік діндердің бойында жалпы адамзаттық және гуманистік құндылықтарының болуы. Бұл дәстүрлі діндер Қазақстан қоғамының рухани тұрғыдан жаңаруында және шаңырағы шайқалмай, қауіпсіз өмір сүруінде маңызды рөл атқарады: олар қоғамымыздағы достықты қарым-қатынасты, өзара құрмет пен түсінісушілікті нығайтуға қызмет етеді. Еліміздің биік мінберлерінен айтылған осындай ойларды халыққа түсіндіріп, Қазақстан көне заманнан бері сан алуан мәдениеттер мен діндердің тоғысқан мекені болғандығын, ел аумағында бірнеше ғасырлар бойы тәңіршілдік, зороастризм, манихейлік, буддизм, христиан және ислам сияқты әртүрлі нанымдар бейбіт қатар өмір сүргендігін, яғни конфессияаралық келісім ісінде ата-бабаларымыздан аманат боп қалған игі дәстүрлердің әу бастан-ақ болғандығын баяндайды.

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Оқылды 14 рет