Дүйсенбі, 10 Қазан 2022 22:46

Отырар: Шәуілдір ауыл округінің әкімі сайланды

Шәуілдір ауыл округінде 9 қазан күні өткен сайлаудың қорытындысы бойынша Шәуілдір ауыл округінің әкімі болып «Amanat» партиясынан ұсынылған кандидат Қыдыр Ғалым Сағындықұлы сайланды.

Жаңа басшыны аудан әкімі аппаратының басшысы Айдос Қалдыбайұлы таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Ғалым Сағындықұлы ОҚО, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында 1970 жылы 13 сәуір айында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі-жоғары.

Еңбек жолын 10.12.1998-05.03.2003 «Манас» шаруа қожалығының төрағасы болып бастаған. 05.03.2003-16.04.2003 жыл Отырар аудандық сотының жетекші маман-сот мәжілісінің хатшысы. 20.04.2003-12.10.2009 жыл бас маман сот мәжілісінің хатшысы лауазымында қызмет атқарған. 15.05.2010-30.09.2013 жыл «Манас» шаруа қожалығының төрағасы.  06.01.2013-06.01.2014 жыл Шәуілдір ауыл округі әкімінің орынбасары.  27.11.2014-24.09.2018 жыл Шәуілдір ауыл округі әкімі. 11.02.2019- бкд Шәуілдір ауыл округінің әкімі болып қызмет жасап келді.

Естеріңізге сал кетсек,  алғаш рет елімізде ауыл әкімдерінің  сайлауы былтыр 25 шілдеде өткен болатын. Сөйтіп, Қазақстан қоғамы 2024 жылға дейін жал­­ғасатын әрі уақыты келгенде  ұдайы ұйымдастырылып оты­ратын жергілікті әкімдерді сай­­­лау кезеңіне өтті. Жалпы, ауыл әкімдерін  сайлау жауап­кершілік жүгін  биліктің түрлі деңгейінде жүйелі бөлісуді қамтамасыз етіп, әлеумет­тік-экономикалық реформалардың  тия­нақты жүзеге асырылуына  мүмкіндік бере­ді. Сонымен бірге бұқараның билікке деген сенімі де нығая түспек. Әрине, одан бөлек сайлау мәдениетінің қалыптасуына, саяси немқұрайдылықтан  құтылуға ықпал ететін жанама әсерлері де  болатынын ескеру қажет. Ең бастысы, іскер азамат­тардың әкім  болып сайлануы  жергілікті жердегі  мәселелерді  дұрыс шешуге ықпал етеді. Өйткені халықтың сенімінен  құнды дүние жоқ. Сенімді ақтамау саяси һәм азамат ретіндегі беделді  жоятын қадам. Мұны әкім болып сайланған азаматтар жақсы білсе керек.

Әлемде қала мэрлерін, елді мекен басшыларын, шерифтерді сайлау тәрізді  биліктің ең төменгі эшалонындағы басшы­ларды бұқараның тікелей сайлап алу дәс­түрі ондаған жылдардан бері бар. Көрші Ре­­сейде де губернаторларды сайлап жатады. Түбі бір түркітілдес елдердің ішінде Түркияда әкімдерді сайлау қызу өтеді. Бірақ Орталық Азияда мемлекеттік басқарудың ең төменгі сатысында  сайлау  ұйымдастыру болған емес. Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстан  тағы да озық үлгі көр­сетті. Әрине, ел тарихындағы елеулі оқиға­ның  артықшылығы, сайланған әкімдердің үмітті қаншалықты ақтайтыны бөлек әрі бүгін-ертең белгілі  бола қоя қоймайтын әңгіме. Алайда шығыстың дүниетанымдағы әрі ұзақ жыл бойы мемлекеттілігінен айыры­лып, тек 30 жыл бұрын ғана қайтадан ел бола білген халықтар үшін таңсық дүние еке­ні анық. Дегенмен Қазақстан билігінің  ұзақмерзімді стратегиялық жоспарларды жүйелі  жүзеге асыруының нәтижесінде  қоғам әкім сайлауына біршама даярланды.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»

 

Оқылды 654 рет