Түркістан облысы: Жансейіт Түймбаев діни конфессия өкілдерімен кездесті
Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «18 қазан – Рухани келісім күні» мерекесіне орай, өңірдегі діни конфессия басшыларымен кездесіп, жиналғандарды атаулы мейраммен құттықтады. Өңір басшысы елімізде дінаралық татулықтың күн санап салтанат құрып келе жатқанын айтып, оның нақты дәлелі ретінде таяуда Астанада «Діни көшбасшылар қауіпсіз әлемде» тақырыбында алтыншы рет өткен әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезіндегі Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың сөзін мысал етті.