Түркістан облысында «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты семинар өтеді
Сейсенбі күні өңірлік коммуникациялар қызметінде Түркістан облысында өтетін «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты семинарға байланысты баспасөз жиыны өтті. Онда Қазақстан Халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптама кеңесінің мүшесі, саясаткер Дос Көшім мемлекеттік тілдің мәртебесі жайында сөз қозғады. Оның пікірінше, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру үшін қоғамның осы мәселеге келгенде белсенділігі жоғары болуы керек.