Түркістан облысы: насихаттық топ тұрғындармен кездесті
Түркістан облысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын насихаттау бойынша облыстық топ бірнеше аудан, қалаға іссапар жасады. Облыс әкімінің орынбасарлары басаған топтың құрамында зиялы қауым өкілдері, тарихшылар, басқарма басшылары мен өзге де белсенді азаматтар бар.