Шымкентің туристік әлеуеті Ыстамбұлда таныстырылды

Түркияның Ыстамбұл қаласында Қазақстан Республикасының бас Консулдығының қолдауымен туристік форум-көрме өтті. Бұл шарада Шымкент қаласының туристік мүмкіндіктері түркиялық туристік операторларға кеңінен таныстырылды. Форумға Түркияның 100-ден аса туристік агенттіктері мен сала мамандары (ТУРСАБ) қатысты.

Шымкентте реновация бағдарламасына қатысушыларға пәтер кілттері берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділетті Қазақстан – баршаға және баршаға. Қазір және мәңгі" сайлауалды бағдарламасында қазақстандықтарды сапалы баспанамен қамтамасыз ету және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын кешенді жаңғырту бойынша бірқатар нақты міндеттер белгіледі. Президент 2029 жылға дейін республика бойынша апатты жағдайдағы 1500 тұрғын үйді бұзып, иелеріне жаңа пәтер беруді тапсырды.

Шымкенттік жастар дөңгелек үстелде бас қосты

25 қазан – Республика күніне орай Шымкенттегі «Достық үйінде» қалалық «Ассамблея жастары» ұйымының белсенділері басқосып, «Менің елім – Қазақстан!» тақырыбында «дөңгелек үстел» мәжілісін өткізді.

Шымкент: Қаратау ауданында инфрақұрылымды дамыту көрсеткіштері артып келеді

Қаратау ауданы — Шымкент қаласындағы ірі аудандардың бірі, оның жалпы аумағы 19 500 гектарды құрайды, ал халық саны 220 мыңға жуық. Аудан құрамында 18 елді мекен мен 595 көше бар, сондай-ақ 12 демалыс орны тұрғындарға қызмет көрсетеді. Аудан әкімдігі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, өзіне жүктелген 24 функцияны орындап келеді. Бұл туралы бүгін Қаратау ауданының әкімі Мүлкеманов Рахымберді Жанысбекұлы брифинг барысында баяндады.

Шымкентте Республика күніне орай жастар шеруі өтті

25 қазан – Республика күніне арналған маңызды іс-шаралардың бірі ретінде Шымкент қаласында «Тарих тағылымынан – тұғырлы тәуелсіздікке» атты жастар шеруі өтті. Шараны қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың "Жастар ресурстық орталығы" ұйымдастырды. Шерудің мақсаты – еліміздің тәуелсіздігін дәріптеу, жас ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттау және олардың патриоттық рухын көтеру болды.

Шымкент: Волейболдан мұғалімдер арасында дәстүрлі турнир өтуде

25 қазан - Республика күніне орай мектеп мұғалімдері арасында волейболдан Қаратау ауданы әкімінің кубогына арналған турнир өтуде. Бүгін жарыстың ашылу рәсімінде аудан әкімі Рақымберді Мүлкеманов көпшілікті мерекемен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Шымкенттік спортшылардың еншісінде 7 медаль бар

Бүгінгі таңда қазақ күресінің дәурені жүріп, ұлттық спортымыз төрге озып, әлем елдерінің алдында бой түзеді. Текті қазақ халқының атын төрткүл дүниеге танытып жүрген спортшыларымыз да аз емес. Соның ішінде белбеу күресі кең өріс алып келеді. Байрақты бәсекелерде асыл қасиетті бойына сіңірген балуандарымыз байрағымызды көкке желбіретіп, рухымызды асқақтатып, әнұранымызды шырқатуы – өз алдына үлкен жетістік.