Super User

Super User

ШЫМКЕНТТЕ ШЕКАРАШЫЛАР КҮНІ ТОЙЛАНДЫ!

Биыл Қазақстан Республикасының Шекара қызметі құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осыған орай, 18-тамыз күні Шымкенттегі Қазақстан Халқы Ассамблеясында ел тыныштығы үшін күндіз-түні күзетте тұратын, Отанымыздың шекарасын күзетуде ерен еңбек көрсетіп жүрген шекарашылардың кәсіби мерекесі аталып, мерейтойлық концерт ұйымдастырылды.

Аталған шараға Шымкент қалалық "Мәдениет үйі" концерттік ұйымының қызметкерлері Жұмаев Дархан Сержанұлы, Кеңесов Ізбасар Құрманғазыұлы, Құрманалиев Байкен Мұратұлы, Есенқұлов Самат Жарылқапұлы, Дәуренбеков Нұрсұлтан Әріпханұлы, Шалабай Қадиша Өмірзаққызы, Жандаулетов Асыл Гайдарұлы, Шүкірбаева Жұлдызай Қабылбекқызы, Бөріханов Өсербай Абылайұлы, Шултаев Мақсат Елпобайұлы қатысып, қнерлерін ортаға салды.

Шымкент қалалық "Мәдениет үйі" концерттік ұйымының қызметкерлері Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің 30 жылдық мерейтойына арналған іс-шараны әнмен әрлегені, Мемлекеттік шекарамыздың мызғымастығын, ұлтымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында шекарашыларымыздың моральдік рухын көтеруге қосқан үлестері үшін ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы полковник М.Жұмаділовтің алғыс хатымен және "Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметіне 30 жыл" мерейтойлық медалімен марапатталды.

Ел шекарасын қорғау қауіпті жұмыс екенін атап өткен командирлер қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады.

Сөйтіп, қызметте ерекше көзге түскендер құрмет грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал ресми жиын соңы өнерпаздардың концертіне ұласты.

Мемлекеттік шекараның беріктігі - елдігіміздің басты белгілерінің бірі.

Ел тыныштығы жолында тер төгіп жүрген шекарашыларды кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!

 

ШЫМКЕНТ: 400 АЕК КӨЛЕМІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТЫҢ ҮШІНШІ ЛЕГІ БАСТАЛАДЫ

29 тамыздан бастап 400 АЕК көлеміндегі мемлекеттік грантқа өтінімдер қабылдана бастайды.

Өтінімдер «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимінде қабылданады.Қатысу үшін үміткер порталға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦП) арқылы тіркеліп, өтінім бере алады.

Мемлекеттік грант қаражаты – ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.

Өтінім беру үшін қажет:

Порталда тіркелу;

грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту;

порталда көрсетілген бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу (өз бетінше бизнес-план жарамайды);

өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.

Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, халықты жұмыспен қамту орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында өтінім беруге болады.

Мемлекеттік грант алуға үміткер бола алады:

тіркелгенжұмыссыздар;

29 жасқатолмаған,3 жылданкемдаракәсіпкерретіндетіркелгеннемесебірыңғайжиынтықтөлемдітөлеушілер;

Бұл ретте үміткер төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек:

еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;

қолданыстағы «кандас» мәртебесі бар адамдар;

өңіраралық қоныс аударушылар

атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көп балалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақы алушылар;

мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы / зайыбы);

асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар;

-жастар (29 жасқа дейін).

Сонымен қатар, үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуы тиіс.

Ескерту: өтінімдер 29 тамыздан 9 -шы қыркүйекке дейін қабылданады.(сенбі-жексенбі,яғни 3-4 қыркүйек күндерін қоспағанда).

Алайда, белгіленген 616 азаматтан өтініш келіп түскен жағдайда өтінімдерді қабылдау тоқтатылатынын назарларыңызға саламыз.

ШЫМКЕНТТЕГІ СОЛТҮСТІК САЯЖАЙҒА ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ТАРТЫЛУДА

Шымкент қаласы тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамту үшін елдімекендерге желі тарту жұмысы жалғасуда.

Солардың бірі, Абай ауданына қарасты Солтүстік саяжай шағын                          ауданында электр желісі 90%-ға тартылды. Мамандар жұмыстар 100 пайызға қыркүйек-қазан айларында аяқталады деп отыр.  Жұмыс біте салысымен «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС тарапынан абоненттеу жүргізілетін болады. Аталған шағын ауданда құрылыс жұмыстары былтыр басталған еді. Бүгінге дейін 4737 электр бағанасы және 52 трансформатор орнатылып,1149 шақырымға желі тартылды. Үшінші мегаполисте қазіргі таңда, электрмен қамту деңгейі 97%-ды құрайды. Қаладағы 81 елді мекеннің 73-і сапалы электрмен қамтылған. Ал қалған 8 елді мекенде электр қуаты сапасыз. Өткен жылы қалада «Бозарық» 220 КВ мен«1-М-1» 110КВ электр тарату станциясы және 7 елді мекенде құрылыс аяқталып, пайдалануға берілген болатын. Нәтижесінде Ақжар, Жалын, Достық, Ынтымақ-2, Айкөл, Игілік және Тәуелсіздікке 20 жыл елді мекендері сапалы электр қуатымен қамтылды. Биылғы жоспар бойынша «Ақжар»110КВ қосалқы іске қосылып, Достық-2, Батыс, Тұран, Жаңаталап, Сәуле (276 орам) және Нұртас шағын ауданының тұрғындары мемлекеттік жүйедегі электр жарығына қол жеткізеді. Ал, 2023 жылы Қайнарбұлақ пен Солтүстік саяжай, Асар-2 (2-кезек) желі құрылысы аяқталып, пайдалануға берледі. Қала халқының өсіміне қарай сапалы электр қуатымен қамту үшін 2023-2025 жылдары 6 қосалқы станцияның құрылысы жоспарланып отыр. Айта кетейік, қаланың даму жоспарына сәйкес 2021-2025 жылдар аралығында 6 қосалқы станцияны пайдалануға беру жоспарланған. Шаһарда 2023 жылы Қызылсу 220кВ және ВЛ 220 кВ қосалқы станциясының құрылысы басталса, 2024 жылы Оңтүстік 220кВ, Тұран 110кВ, Ипподром 110кВ, Шымсити 110к станциялыраның құрылысы жүргізіледі. Аталған жұмыстар жүзеге асырылғанда 2025 жылы қалада сапалы электрмен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді деп күтілуде.



ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Шымкенттегі Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев атылмыш ауданның жыл соңына дейін 100 пайыз ауыз сумен қамтылатынын арнайы брифингте айтты.

Аудан әкімінің сөзінше, Әл-Фараби - Шымкенттің орталық ауданы болғандықтан, мұнда тұрғындар үшін барынша жағдай жасалуда. Тұрғындар ауыз сумен - 98%, электр жарығымен  - 96,5%, табиғи газбен - 99,5%, кәріз жүйесімен - 87% қамтылған.

“Ағымдағы жылы 30 көшеге асфальт салу жұмыстары жоспарланып, бүгінде аяқталуға жақын. Аудандағы 404 көшенің 124-і жарықтандырылды”,-деді Р.Мыңбаев.

Биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 50 балалар ойын алаңшасы мен 9 спорт алаңшасы орнатылатын болады.

Ауданның басты көшелерін (102 көше) көріктендіру-көгалдандыру, ағаштарды және гүлдерді күтіп ұстау, санитарлық қырқу, ағаш түптерін әктеу, жасыл желектерді ретке келтіру, суғару, өсік шөптерді ору жұмыстары бойынша мердігер мекеме «Build stroi» ЖШС тарапынан жұмыстар атқарылуда.

Жыл басынан бері мердігер мекеме тарапынан басты көшелердің бойына 3 300 дана ағаш көшеті отырғызылса, жоспарға сәйкес жыл соңына дейін тағы 6 мың данасын қондыратын болады.

Айта кетейік, Әл-Фараби ауданында биыл бұл бағдарлама шеңберінде 59 жоба іске асырылады. Ал, 2021 жылы 11 ойын алаңшасы орнатылып, пайдалануға берілді. 6 ойын алаңшасы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында салынды. 2022 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында ауданда I-II сектор бойынша 11 ойын алаңшасы орнатылады. Атап айтқанда, А.Байтұрсынов (№70, 88-90, 89, 92 үйлер), «Спорт» шағынауданы (№9, 24 үйлер), Ә.Диваев (№142-142б-144, 140-144б, 146 үйлер), Дулати (№ 205) және Қазыбек би көшесіндегі (№195 а) үйлердің аулалары абаттанады. Жалпы биыл Әл-Фараби ауданы ойын алаңшасымен толық қамтылады.


Осы RSS каналға жазылу