Super User

Super User

Түркістанда «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Оның ішінде Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының полиция патрульдік батальонының қызметкерлері республикалық маңызы бар жолдарда рейдтік-профилактикалық шаралар ұйымдастырылуда. Жүргізушілерге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, түрлі құқық бұзушылықтар анықталуда.

Мәселен тәртіп сақшылары «Алматы-Ташкент-Термез» тас жолының Қазығұрт-Сарыағаш бағыттарына қарай жалған мемлекеттік нөмір таққан 3 жайтты, мас халде көлік жүргізген – 3 жайтты, жолдың қарама қарсы бағытына шыққан – 4 жайтты анықтап, құқық бұзушы жүргізушілерге әкімшілік хаттама толтырды.

Сондықтан Түркістан облысының полицейлері жол апаттарының алдын алу, болдырмау үшін: арақашықтықты ұстануға, жылдамдықты асырмауға, жолда жүру ережесін сақтауға, ішімдік ішіп көлік тізгіндемеуге, көлік басқарып отырып, ұялы телефонмен сөйлеспеуге кеңес береді.

Түркістан полицейлері жол-көлік оқиғасын жасаған мас жүргізушіні жауапқа тартты

Бәйдібек АПБ-ның полиция қызметкерлері мас күйінде көлік жүргізудің кезекті жайтын анықтады. Яғни, ауыл көшелерінің бірінде жол-көлік оқиғасы орын алған.

Белгілі болғандай, "Опел-вектра" автокөлігі қарсы жолаққа шығып, "Ваз-21144" автокөлігімен соқтығысқан. Жол апатынан зардап шеккендер жоқ, алайда көліктерге материалдық шығын келген.

Тексеру кезінде тәртіп сақшылары " Опел-вектра" жүргізушісі көлікті мас күйінде басқаруы мүмкін деген тұжырымға келді.

Бұл жайттың анық-қанығына жету үшін оған медициналық сараптама тағайындап, нәтижесі бойынша жүргізушінің алкагольдік ішімдік қолданғаны белгілі болды. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша тіркеп іс құжаттар жинақтап, заңды шешім шығару үшін аудандық сотқа жолдады.

Аудандық соттың қаулысымен жүргізуші кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру туралы шешім қабылданды.Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға мас халде көлік жүргізбеуге кеңес береді. Ішімдік ішіп, заң бұзатындарға, оның ішінде көлік айдайтындарға қатаң жаза қарастырылған. Сондықтан өзіңіздің және өзгенің өміріне қауіп төндірмеңіз!

Түркістан: Тұрғындардың ұялы телефонын ұрлаған жас жігіт ұсталды

Отырар аудандық полиция бөліміне ұйықтап жатқанда ұялы телефондарынан айырылған жергілікті 2 тұрғын арызданды. Ер адамдардың айтуынша, түнде белгісіз біреу ұялы телефондарын ұрлап кеткен. Жәбірленушілерге келген жалпы шығын көлемі 110 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.

Хабарлама келіп түскен бойда тәртіп сақшылары оқиға орнына бірден жетті. Олар қылмысты ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырып, көрген-білгендерден жауап алды. Полицейлердің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, осы қылмысқа қатысы бар жергілікті тұрғын анықталды. Белгілі болғандай, күдікті жәбірленушінің бірінің үйінде құрылыс жұмыстарын жүргізген. Ол түнде тұрғынның ұйықтап жатқан сәтін пайдаланып, ұялы телефонын ұрлаған.

Дәл осы жайтты күдікті бірнеше күннен соң қайталаған. Яғни, сезікті өзінің туысының үйіне түнде барып, оның да ұялы телефонын ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткен. Полиция қызметкерлері ұялы телефонның бірін тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда жас жігітке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрлық қылмысын болдырмас үшін есік-терезені мықтап жауып, темір тор орнатуға кеңес береді.

Түркістан: Полицейлер вахталық жұмысқа тұрғызып беремін деп алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады

Қазіргі таңда облысымызда қылмыстың өршіген түрі ол - алаяқтық қылмысы. Сондықтанда облыс полицейлері әккі алаяқтардың жолын кесіп, қылмыстың алдын алу мен болдырмау мақсатында жүйелі түрде жұмыс жүргізуде.

Мәселен Түркістан қаласында орын алған кезекті алаяқтық жайты ашылды. Яғни Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғанын айтып арызданды.

Оның айтуынша, танысы вахталық жұмысқа тұрғызып беретінін айтып, ол үшін 100 000 теңге қаражат алған. Алайда жәбірленуші күдіктіден бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмысты да, не өз ақшасын да ала алмаған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.

Хабарлама бойынша Түркістан полицейлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктіні анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Тексеру барысында орта жастағы күдіктінің жәбірленушіге жалған ақпарат беріп, ақшаны өзіне алғаны белгілі болды. Тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын тексеруде. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға сақ болуды, жақын таныс емес азаматтарға сенбеуді, яғни жұмысқа орналастырып беремін, несие болмаса басқа да әлеуметтік және материалдық көмектер алуға көмектесемін деушілерге сенбеңіздер деп кеңес береді.

Осы RSS каналға жазылу