Жексенбі, 10 Қыркүйек 2023 00:14

Отырар ауданы: Талаптыда бір ауысымда 25 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория салынып жатыр

Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанхановтың аудан халқымен кездесуінде айтылған ауыл тұрғындарының өтініші шешімін тауып келеді. Соның бірі Талапты елді мекенінің тұрғындары тарапынан «Ауылда дәрігерлік амбулатория салынса» деген мәселе көтерілген.

Аталған мәселеге байланысты жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктеліп, бүгінде бір ауысымда 25 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталып кетті.  Ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсете отырып халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында салынып жатқан нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 80 пайызға жуық негізгі жұмыстары аяқталған.

Дәрігерлік амбулатория заманауи медициналық құралдармен және өзге де қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Жалпы, Отырар ауданы бойынша 1- орталық аурухана, 1-орталық емхана, 13- дәрігерлік амбулатория, 12-медициналық тірек, 9- фельдшерлік акушерлік пункттері тұрғындарға медициналық қызмет көрсетеді.

Амбулаториялық-емханалық көмек – медициналық көмектің ең бұқаралық түрі, оны денсаулық сақтау ұйымына жүгінген барлық науқастардың 80%-ға жуығы алады. Амбулаториялық-емханалық мекемелердің (АЕМ) негізгі үлгілеріне: емханалар (ересектерге, балаларға арналған, стоматологиялық), диспансерлер, жалпы дәрігерлік (отбасылық) практика орталықтары, әйелдер консультациялары және басқалар жатады.

Амбулаториялық-емханалық көмектіңнегізгі мақсаты халық денсаулығын сақтау және нығайту, оның амбулаториялық-емханалық көмекке мұқтаждықтарын қанағаттандыру болып табылады.

Амбулаториялық-емханалық көмектіңнегізгі міндеттері мыналар:

1) медициналық көмектің қолжетімділігін және сапасын қамтамасыз ету;  

2) халыққа дәрігерге дейінгі, білікті мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті көрсету;

3) тұрғындардың сырқаттанушылығын, мүгедектігін және қайтыс болуын төмендетуге бағытталған профилактикалық іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу;

4) созылмалы аурулардан зардап шегетін адамдарды динамикалық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      5) қызметті жетілдіру және профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және оңалтудың жаңа технологияларын енгізу;

6) басқа денсаулық сақтау ұйымдарымен сабақтастықты және ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету болып табылады.

Медициналық алғашқы көмек мыналарды:

1) анағұрлым көп таралған ауруларды, сондай-ақ жарақаттарды, улануларды және басқа шұғыл жағдайларды диагностикалау мен емдеуді;

2) отбасын, ана, әке болу мен балалық шақты қорғауды, сондай-ақ отбасыны жоспарлауды;

3) ТМККК шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз етуді;

4) профилактикалық іс-шараларды және қауіп факторларын айқындауды;

5) ауруларды ерте айқындауға жүргізілетін скринингілік зерттеулерді;

6) халықтың кең таралған патологиялық жағдайлар мен салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы хабардарлығының деңгейін арттыруды;

7) негізгі инфекциялық ауруларға қарсы иммундауды;

8) тұрғындарды гигиеналық оқытуды және сумен қауіпсіз жабдықтау мен тұрғындардың оңтайлы тамақтануы жөніндегі түсіндіру жұмыстарын жүргізуді;

9) инфекциялық аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізуді қамтиды.

 Консультациялық-диагностикалық көмекке өзіне тәулік бойы медициналық бақылаусыз мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек қызметтерін қосады.

Медициналық алғашқы көмеккөрсететін ұйымдардың қызметі «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығымен бекітілген Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11268 болып тіркелген), медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын есепке ала отырып, тіркеу орны бойынша азаматтарға медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында аумақтық қағидат бойынша құрылады.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»

Оқылды 306 рет