Шымкент: Республика күніне орай мерекелік жеңілдіктер ұсынылуда
Шымкент қаласында Республика күні мерекесі қарсаңында «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары өтуде.
Шымкент қаласында Республика күні мерекесі қарсаңында «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары өтуде.
Шымкентте денсаулық сақтау саласын МӘМС есебінен қаржыландыру үлесі артты. Биылғы жылы жалпы қаржыландыру көлеміндегі МӘМС қаражатының үлесі 54%-ға жетті. Сонымен қатар медициналық қызметтердің ашықтығын қамтамасыз ету және қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылау үшін QALQAN цифрлық жүйесін енгізу жұмыстары жалғасуда.
Омыртқа жарығы (грыжа) – қазіргі уақытта жиі кездесетін аурулардың бірі. Ол адамның күнделікті өміріне, қозғалысына және еңбекке қабілеттілігіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Бел аймағындағы ауырсыну, аяққа таралатын жайсыздық, ұю және қозғалыстың шектелуі осы аурудың белгілері болуы ықтимал. Мұндай жағдайда уақытылы дәрігерге қаралып, қажетті емді бастау маңызды. Ал міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында пациенттерге қандай медициналық қызметтер көрсетіледі?
Шымкент қаласында Халықаралық қарттар күніне орай аға буын өкілдерінің басын қосқан дәстүрлі спорттық турнир ұйымдастырылды. Қаланың бес ауданының ардагерлері қатысқан бұл сайыс биыл сегізінші рет өткізіліп отыр.
Шымкент қаласының Қайнарбұлақ және Нұрсәт шағынаудандарында ангар үлгісіндегі екі модульді спорт залының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында қоршаған ортаны қорғау, қоғамдық орындардың тазалығын сақтау және вандализмнің алдын алуға бағытталған кезекті акция ұйымдастырылды. Игі бастамаға қатысқан еріктілер Бауыржан Момышұлы ескерткішінің айналасын тазалап, қала келбетін көркейтуге өз үлестерін қосты.
Жаңа нысандар Абай атындағы саябақта, Металлургтер саябағында және 17-шағынаудандағы жаяу жүргіншілер аллеясында орналасқан. Ашылу салтанатына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) және Қазақстан шахмат федерациясының (KazChess) президенті Тимур Турлов қатысты.
Шымкентте білім беру ресурстарын тиімді пайдалану, қаржылық тәртіпті жетілдіру және цифрлық бақылау тетіктерін дамыту мәселелері талқыланды. 15 қазанда басталған өңіраралық тәжірибелік семинар-кеңес қосымша білім беруге арналған бірыңғай мемлекеттік тапсырысты іске асыру тәжірибесін таратуға арналды. Жиын Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылды.
Шымкент қалалық перинаталдық орталығында маусымдық тұмаудың алдын алу мақсатында «Гриппол» вакцинасының егілу жұмыстары жүргізілуде. Бұл бастама медицина қызметкерлері мен тұрғындардың денсаулығын қорғауға, сондай-ақ маусымдық вирустық инфекциялардың таралу қаупін төмендетуге бағытталған.
Туберкулез – бүгінгі таңда қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелердің бірі. Бұл аурудың алдын алу, оны ерте кезеңде анықтау және науқастарға сапалы медициналық көмек көрсету – денсаулық сақтау ұйымдарының басты міндеттерінің бірі. Осы бағыттағы жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында Шымкент қаласының №8 қалалық емханасында туберкулез профилактикасы бойынша мониторинг жүргізілді.