Жасы ғасырға жуықтаған әжеге күрделі ота жасалды

Шымкент қаласындағы №1 қалалық клиникалық ауруханада 97 жастағы науқасқа күрделі хирургиялық операция жасалды. Ғасырға жуық ғұмыр кешкен әжей ауыр жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілген. Дәрігерлер науқастың жағдайын жан-жақты бағалап, консилиум қорытындысы бойынша шұғыл түрде хирургиялық ем жүргізу туралы шешім қабылдаған. 

«ҰЛЫ МҰРАДАН ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА»

Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің жаңа оқу корпусының салтанатты ашылу рәсімі өтті. «Ұлы мұрадан жарқын болашаққа» тақырыбымен ұйымдастырылған айтулы шара – университет тарихындағы маңызды белестердің бірі әрі еліміздің жоғары білім беру жүйесін дамытуға бағытталған игі бастамалардың жарқын көрінісі.

Шымкенттегі мерекелік концерт жарқын отшашумен түйінделді

Шымкент қаласында Республика күніне арналған мерекелік іс-шаралар ерекше сән-салтанатпен жалғасын тауып, екі күнге созылған думанды кеш жарқын отшашумен қорытындыланды. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін ұйымдастырылған ауқымды концерттік бағдарлама ұлттық мерекенің рухын асқақтатып, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй мен ұмытылмас әсер сыйлады. 

Тұмау маусымы: өзіңізді және жақындарыңызды қалай қорғауға болады?

Күз-қыс мезгілінің келуімен жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) мен тұмау ауруларының таралу қаупі артады. Тұмау – ауатамшыларыарқылытаралатын, тынысалужолдарынзақымдайтынжұқпалывирустықауру. Олкезкелгенжастағыадамғажұғуымүмкін, алайдабалалар, жүктіәйелдер, егдежастағыадамдаржәнесозылмалыауруларыбаразаматтарүшінасқынуқаупіжоғары. 

Шымкент: Көксайда тағы қоныс тойы

Республика күні қарсаңында Шымкент қаласындағы Көксай шағынауданында орналасқан Нұрлыбаев көшесі, №22 мекенжайындағы тозығы жеткен үйдің тағы жеті отбасы жаңа баспанаға ие болды. Тұрғындарға жаңа пәтерлердің кілттері табысталып, олар көптен күткен қуанышты сәтке куә болды.

Олжас Бектенов Шымкентте өткен IX Kazakhstan Global Investment Roundtable іс-шарасына қатысты

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов IX Kazakhstan Global Investment Roundtable (Жаһандық инвестициялар бойынша қазақстандық дөңгелек үстел) іс-шарасына қатысты. Биылғы іс-шараның Шымкент қаласында өтуі Еуразияның негізгі сауда ағындары мен Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізінің тоғысында орналасқан мегаполистің қарқынды дамуын көрсетеді. 

Республика күні қарсаңында ӘМСҚ қызметкерлеріне марапаттар табысталды

25 қазан – Республика күніне орай және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының құрылғанына 10 жыл толуына байланысты Қордың Шымкент қаласы бойынша филиалының бірқатар қызметкері жоғары марапаттарға ие болды. 

Мәулен Әшімбаев Шымкентте

Шымкентте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңғырту күн тәртібіне арналған «Реформалар мәні: Қазақстанның болашақ тарихының жеті тарауы» атты кітаптың таныстырылымы өтті. Іс-шара барысында кітап авторы, мемлекет және қоғам қайраткері Мәулен Әшімбаев өңірдің ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен, сарапшылармен және қоғам белсенділерімен бірге Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістердің негізгі бағыттарын талқылады. Сондай-ақ сапар аясында Мәулен Әшімбаев жергілікті бочча федерациясының өкілдерімен және өңір жастарымен кездесті. 

Шымкентте жасанды интеллект көмегімен 11 саябақ арасында спорттық бәсеке өтеді

Шымкент қаласында тұрғындарды бұқаралық спортқа тартуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған жаңа жоба қолға алынады. «SHYMKENT PARK LEAGUE» деп аталатын спорттық лига аясында қаланың 11 саябағы өзара бақ сынап, тұрғындар арасында түрлі спорттық челлендждер ұйымдастырылады.

Шымкентте жергілікті өнімдердің көрмесі ашылды

Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында дәстүрлі «Шымкент өнімдері – 2026» қалалық көрмесі өз жұмысын бастады. Шымкент қаласы әкімдігі ұйымдастырған іс-шараға жеңіл өнеркәсіп, фармацевтика, машина жасау, жиһаз, химия және тамақ өнеркәсібі, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен мен құрылыс саласында жұмыс істейтін 70-тен астам отандық кәсіпорын қатысуда.