Кентауда жылу жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары қарқын алған
Кентау қаласындағы стратегиялық маңызы бар нысан - №5 Жылу энерго орталығын ауқымды реконструкциядан өткізу міндеттері басшылықтың бақылауында. Қала тұрғындарын жылумен қамту мақсатында мекеменің қазандықтарын жаңарту, турбогенераторын жөндеу, магистральды жүйелерін қалпына келтіру, қосалқы станцияларының қалыпты жұмысын қамтамасыз етуде кешенді жұмыстар қолға алынды.