Кентау: Қарнақ ауылында «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы кәсіп дамып келеді
Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылының тұрғыны Севара Мирзахмедова 2025 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасының мүмкіндігін пайдаланып, 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие алған. Қаржылай қолдаудың арқасында қажетті құрал-жабдықтарын сатып алып, өз кәсібін бастаған.