Измир қаласының мэрі Түркістанның тарихи-рухани мұрасымен танысты
Түркияның Измир қаласының мэрі Джемиль Тугай бастаған ресми делегация Түркістанға арнайы іссапармен келді. Қонақтарды облыс әкімінің орынбасары Зұлпыхар Жолдасов пен Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қарсы алып, шаһардың тарихи-мәдени және рухани орындарын таныстырды.