Тырысқақтың алдын алу – әр адамның міндеті
Тырысқақ (холера) – аса қауіпті карантиндік жұқпалы аурулардың бірі. Ауру ағзадағы су-тұз алмасуының күрт бұзылуымен, ауыр сусызданумен, уыттанумен және асқазан-ішек жолдарының зақымдануымен сипатталады. Уақтылы медициналық көмек көрсетілмеген жағдайда тырысқақ адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін.