Созақ ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері талқыланды
Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен лездемелік мәжіліс өтіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен межеленген индикаторлардың орындалу барысы кеңінен қаралды. Жиынға аудан әкімінің салалық орынбасарлары, бөлім, мекеме басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері қатысып, өз салалары бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерді саралады.