Шымкенттік медициналық бригадаларға жалпы саны 240 смарт-бейнежетон берілді
Шымкент қаласында еліміз бойынша алғаш рет жедел медициналық жәрдем қызметкерлерін интеллектуалды смарт-бейнежетондармен жабдықтау жобасын жүзеге асыру толық аяқталды. Жоба медициналық персоналдың қауіпсіздігін арттыруға және шұғыл медициналық көмек көрсету барысын жетілдіруге бағытталған.