Шардаралық спортшылар жаттығуын тоқтатпайды

Еліміздегі төтенше жағдай жарияланған күннен бастап бір қатар мемлекеттік мекемелер уақытша жұмыстарын қашықтықтан жүргізуде. Солардың бірі Шардара аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімдері. Карантин режимінде білікті бапкерлер шәкірттерімен қашықтық арқылы жаттығу жұмыстарын жүргізуде.

Келестіктер Мақтааралмен бірге

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты, облыс әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, Келес ауданы Фердауси және Жантақсай елді мекендеріне жауапты болып бекітілді,-деп жазады Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Түркістан: Шетелдік студенттер тегін тамақпен қамтылуда

Түркістанда карантин кесірінен елдеріне қайта алмай қалған шетелдік студанттер тегін тамақпен қамтылуда. Айтып өтейік, облыс орталығындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің 7 жатақханасында қазір 400-ге жуық шәкірт жатыр. Олардың басым көпшілігі шетелдік жастар екені белгілі.

Түркістан облыстық Зекет қорының өкілдері қайырымды іс жасады

«Рамазан - мейірім айы!». Осындай атаумен Қазығұрт ауданында Түркістан облыстық Зекет қорының өкілдерінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті. Игілікті іс барысында мүмкіндігі шектеулі, жағдайы нашар, көпбалалы 100 отбасыға  азық-түліктер үлестірілді.

Түркістан: Туристер үшін ақпарат алу бекеті жұмыс істейді

Алдағы уақытта Түркістан темір жол вокзалында туристер үшін ақпарат алу бекеті жұмыс істейді. Ол орталық қалаға алғаш қадам басқан азаматтарға қысқаша ақпарат берумен айналысады. Шеткен келген азаматтар үшін тиімділігі жоғары бекет бұйыртса мамыр айында іске қосылады деп күтілуде.

Мақтаарал ауданының орталығынан бір түнде 12 мыңға жуық адам көшірілген

Төтенше жағдай қалыптасқан Мақтаарал ауданының орталығынан бір түнде 12 мыңдай адам көшірілген. Мырзакентке сарқынды судан қауіп төнгендіктен билік осындай қадамға барып, тұрғындар түнімен Атакент кентіне тасымалданды.

Түркістан: Селден 620 үй жапа шеккен

Қазіргі таңда Түркістан облысы Мақтаарал ауданының 4 елдімекені: Жаңа-Тұрмыс (46 үй), Жеңіс (130 үй), Фирдоуси (250 үй) және Өргебас (194 үй) су астында қалған. Жалпы қызыл судан 620 үй жапа шеккен.