Түркістан облысында «Таңғажайып Түркістан» байқауы басталды

Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың студенттерімен кездесу өткізген Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бейcенбай Тәжібаев «Таңғажайып Түркістан» байқауға қатысуға шақырды. Байқаудың мақсаты — Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Қазақстанның киелі жерлері географиясы» бағдарламасын жүзеге асыру және туған жердің туристік әлеуетін көтеріп, тарихын насихаттау болып табылады.

Түркістанда «Мәңгілік елдің – мәңгілік тілі» атты мерекелік іс-шара өтті

Түркістан қаласында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан халқының тілдері мен мәдениеті және салт-дәстүрі күні мерекесіне арналған «Мәңгілік елдің – мәңгілік тілі» атты мерекелік шарасы өтті.

Шетелдік БАҚ өкілдері Түркістан облысын аралады

Еліміздің мәдени, рухани, экономикалық жетістіктерін көрсету және туризмінің тартымдылығын арттыру мақсатында 13 қыркүйек күні Түркістан облысына шетелдің жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері келді. ҚР Сыртқы істер министрлігінің бастамасымен келген делегация құрамында Ұлыбритания, Франция, Қытай, Италия, Корея, Польша, Индонезия елдерінен журналистер бар.

Түркістан облысының жаңа гербіне байқау жарияланды

Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының ұйымдастыруымен өңірдің жаңа гербіне үздік эскиздік жобасына байқау жарияланды. Түркістан облысының гербіне үздік эскиздік ұсыныстар 2018 жылдың 3 қазан күні сағат 16:00-де қаралады.

Түркістанда Ясауи жайлы фильм түсірілетін болады

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев белгілі кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сергей Әзімов пен философия ғылымдарының докторы, профессор Жақыпбек Әлтаевпен кездесті. Басқосуда қонақтар Түркістанның тарихи маңыздылығы мен рөлі жайында сөз өрбітті. Облыс басшысы Жансейіт Қансейітұлы Түркістанды түлетуге бағытталған ой-пікір, жобаларды бірлесіп іске асыру қажеттігін айтты. 

Түркістанда жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты ілгерілетуге арналған аймақтық семинар-тренинг өтуде

Түркістан облысында «Қазақстан өңірлерінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру» тақырыбында аймақтық үш күндік семинар басталды. Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан шараға Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Түркістан облыстары және Алматы, Шымкент қалаларының ішкі саясат, дін істері, тілдерді дамыту, жастар саясаты басқармаларының, ҚХА хатшылықтары мен «Қоғамдық келісім» мекемелерінің мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысуда.

Сарыағашта бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

Сәрсенбі күні, яғни 12 қыркүйекте Сарыағаш ауданында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде 400 бос жұмыс орны ұсынылғанын айта кеткен жөн. Дәлірек айтсақ, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтаған тұрғындар жұмыспен қамтылды. 

Түркиялық компаниялар Түркістан облысына 625 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция салуға дайын

12 қыркүйек күні Түркия астанасы Анкара қаласында қазақстандық-түркиялық бизнес форум өтті. Оған қос елдің 200-ден астам ресми тұлғалары мен ірі кәсіпкерлері қатысты. Түркістан облысының делегациясын бастап барған аталмыш өңір басшысының орынбасары Ербол Тасжүреков Түркияның ірі холдингтері мен компаниялары басшыларымен келіссөз жүргізді.

«Хайвилл Қазақстан» компаниясы Түркістанда әлеуметтік нысандар мен көпқабатты үйлер салатын болады

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Хайвилл Қазақстан» компаниясының бас директоры Джон Дэ Кангты қабылдады. Кездесуде екіжақты әріптестікті күшейтіп, Түркістан қаласын дамыту мәселелері сөз болды. Өңір басшысы құрылыс саласында өзіндік орны бар кореялық компаниямен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.