Түркістандық Бекасыл Асамбек еркін күрестен Азия чемпионы атанып, туған жерге табан тіреді

Тайландтың Паттайя қаласында 4-5 шілде күндері еркін күрестен 20 жасқа дейінгі (U20) жастар арасындағы Азия чемпионаты өтті. Құрлықтық додада Қазақстан құрамасының сапында сынға түскен түркістандық Бекасыл Асамбек 60 келі салмақ дәрежесінде шеберлік танытып, барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, Азия чемпионы атанды.

Отырар ауданында ветеринария қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Бүгін Отырар ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Ветеринария қызметкерлері күніне орай арнайы жиын өтіп, іс шарада сала ардагерлері мен мамандарына құрмет көрсетілді. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Тоқсейіт Елекеев пен аудандық мәслихат төрағасы Уалихан Ұзақов қатысты.

Түркістанда «Тұран – достық бастауы» халықаралық мәдени-рухани ынтымақтастық кездесуі өтеді

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы әдеби-мәдени байланысты нығайтуға бағытталған «Тұран – достық бастауы» атты халықаралық мәдени-рухани ынтымақтастық кездесуі өтеді.

Кентау қаласы: аппараттық мәжілісте бірнеше өзекті мәселелер қаралды

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиын барысында күн тәртібіне сәйкес үш мәселе қаралды. Алғашқы болып кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ердәулет Сапарбайұлы қала аумағында заңсыз жер қойнауын пайдалану фактілерін анықтау және олардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады.

Сауран ауданы: тыйым салынған орындарда суға шомылған азаматтарға әкімшілік шара қалданылды

Сауран ауданында суға түсу маусымына байланысты тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Шаға, Оранғай және Ескі Иқан ауылдық округтерінің аумағындағы өзен-көлдер мен су айдындарында кезекті рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.

Жаңа Конституциядағы азаматтардың белсенділігін арттыру мәселесі түсіндірілді

Орталық Азия инновациялық университетінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында бекітілген негізгі өзгерістерді талқылауға арналған профессор-оқытушылар құрамының кездесуі өтті. Жиынды ашқан университет ректоры Ақмалдин Әжидинов 2026 жылғы 15 наурызда бүкілхалықтық референдумда қабылданып, 1 шілдеден бастап күшіне енген заңнамалық реформаларға жан-жақты талдау жасаудың маңыздылығына тоқталды.

 

-Жаңа Конституция мемлекеттік басқару архитектурасын түбегейлі өзгертеді. Бұл – Негізгі заңның жай ғана жаңаруы емес, адам құқықтары мен азаматтардың саяси процестерге нақты қатысуы басты басымдыққа айналатын мүлдем жаңа модельге көшу, -  - деп атап өтті Ақмалдин Әжидинов.

 

Жаңа Конституцияға қатысты сарапшылық пайымын заң ғылымдарының кандидаты, кафедра доценті Ботабек Имашев білдірді. Ол Конституцияның жаңа редакциясы 1995 жылғы құжаттың күшін жоятынын түсіндірді. Басты өзгерістердің бірі заң шығарушы билікті реформалау болмақ.

 

 -Қос палаталы парламенттің орнына партиялық тізім бойынша сайланатын 145 депутаттан тұратын бір палаталы заң шығарушы орган – Құрылтай құрылды. Құрылтайдың өкілеттігі өткен кезеңмен салыстырғанда айтарлықтай кеңейтілді, бұл мемлекет ісіне араласуда халықтың рөлі айтарлықтай артқанын білдіреді, - деді ғалым.

 

Реформаның тағы бір елеулі элементі – вице-президент институтының енгізілуі. Сарапшының пікірінше, бұл басқару жүйесін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Жаңа Конституцияда «Халық кеңесіне» ерекше мән берілген.

 

-Бұл – тұрақты жұмыс істейтін орган емес. Ол сессияларға жиналады және оның құрамына этнос өкілдері, мәслихат депутаттары мен азаматтық сектор мүшелері кіреді. Олар халықты мазалаған өзекті мәселелерді талқылап, қажет болған жағдайда заңдарға түзетулер енгізу туралы Құрылтайға ұсыныстар жолдайды, - деді Ботабек Имашев.

 

Сондай-ақ, Ботабек Имашев жеке тұлғаның құқығын қорғауға қатысты нормаларды да ерекше атап өтті.

-Сотта адвокаттар мен прокурорлардың өкілеттіктері теңестірілді, бұл тараптардың бәсекелестігі үшін өте маңызды. Сонымен қатар, Конституцияда ұсталған адамға оның құқықтарын міндетті түрде түсіндіру нормасы бекітілді: кез келген адам қамауға алынған кезде оған заңды құқықтары, соның ішінде үнсіздік сақтау құқығы дереу хабарлануы тиіс, — деп түсіндірді заңгер.

 

Сөзінің соңында сарапшы білім беру саласындағы зайырлылық принципінің бекітілуіне тоқталды.

-Зайырлылық – бұл діни сенім бостандығы. Мұндағы мақсат – діннің білім беру жүйесінен бөлінуі. Білім беру саласы бөлек, дін бөлек өмір сүреді, бұл қандай да бір дінге басымдық беруді білдірмейді, - деп атап өтті.

 

Құқықтық реформалардың академиялық орта үшін маңыздылығы туралы Орталық Азия инновациялық университетінің Құқық кафедрасының меңгерушісі Ақмарал Жайлауова да өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, университет студенттер мен оқытушылар арасында түсіндіру жұмыстарына белсенді араласқан.

-Біз сапалы өзгерістерді, әсіресе адвокатураның рөлін күшейту бөлігін құптаймыз. Бұған дейін адвокаттың мәртебесі жеткілікті дәрежеде жоғары болмаған еді, ал қазір олардың өкілеттіктері прокурормен теңестірілді, бұл біздің мамандық үшін өте маңызды. Бұл студенттерімізге дұрыс бағыт-бағдар береді, — деді А.Жайлауова.

 

Сондай-ақ, спикер жаңа Конституция білім беру ортасын дамытуға жаңа серпін беріп, цифрландыру процесін ынталандыратынын айтып өтті.

Отырар ауданында Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдығына арналған футбол турнирінің ашылу рәсімі өтті

Отырар ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қазақтың даңқты перзенті, әлемге қазақ халқының қайсар рухын танытқан әйгілі балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 155 жыл толуына орай аудандық әуесқойлар арасында футболдан турнирдің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Эко сананы қалыптастыруға бағытталған шара

Шымкент қаласында тұрғындардың, экологиялық таным көкжиегін кеңейту, қоршаған орта мәдениетін қалыптастыру іс-шаралары одан әрі жалғасын табуда. Бүгін Абай саябағында қалалық жастар ресурстық орталығы «Таза Шымкент» қалдықсыз қала тақырыбында жастармен кездесу іс-шарасын өткізді.

Кентау қаласында ведомствоаралық штаб отырысы өткізілді

Кентау қаласында қала әкімдігі жанындағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық штабтың отырысы өтті. Жиынды Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов жүргізді.Отырыс барысында нашақорлықтың алдын алу, есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылды күшейту, жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар қаралды.