ГАЗ ТҰТЫНУ ҚАУІПСІЗДІГІН БҰЗҒАНЫ ҮШІН 76 ТҰЛҒА ЖАУАПҚА ТАРТЫЛҒАН

Шымкентте жыл басынан бері газ тұтыну қауіпсіздігі жөніндегі заңнамада белгіленген талаптарды бұзғаны үшін 76 жеке тұлғаға айыппұл салынған.

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте сала мамандары мәлімдеді.

Сондай-ақ брифинг барысында жылыту маусымында төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі шаралар туралы, газ тұтынудың қауіпсіздігі мен атқарылған жұмыстар жөнінде баяндалды.

Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Мәлік Әбдінұровтың мәлімдеуінше, газ тұтыну қауіпсіздігі бойынша тұрғындарға үгіт-насихат жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

–Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы газ-техникалық инспекция бөлімінің қызметеркелері, аудан әкімдіктері мен аудандық төтенше жағдайлар басқармалары Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығының» еріктілерімен бірге тұрақты түрде қала тұрғандарына газға қатысты қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп отырады. Біз, әсіресе, үйішілік газ жабдығына

техникалық қызмет көрсетуші мекемелермен келісім-шартқа тұру және тұрмыстық газ баллонын қауіпсіз пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау мәселесіне ерекше назар аударамыз. Осы уақытқа дейін 43 кездесу ұйымдастырылып, арнайы әзірленген бейнероликтер таратылуда. Жыл басынан бері 27 300 дана жадынама таратылды. Прокуратура органдарымен бірлесіп іс-шара жоспары түзіліп, жұмысшы топ құрылған. Үйішілік қызмет көрсету мемекемелерімен келісімшарт жасасу міндеттемелерін орындауы бойынша рейдтік іс-шаралар да ұйымдастырылуда, – деді М. Әбдінұров.

Сондай-ақ, «КазТрансГазАймақ» АҚ-нің фронт офисіне келген тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы әзірленген бейнеролик таратылады. Газ бақылаушылар арқылы қауіпсіздік туралы жадынамаларды үйме үй тарату жұмыстары жүйеге қойылып, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Айта кетейік, қала тұрғындары 109 I-көмек ситуациялық орталығына хабарласып, техникалық қызмет көрсетуші мекемелер бойынша мәлімет алуға, олардың жұмыстарына қатысты сын-ескертпелерді қалдыруға болады.

ШЫМКЕНТТЕ ПРЕЗИДЕНТТІҢ ӨНДІРІСКЕ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ ТАПСЫРМАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Соңғы жылдары цифрлы трансформация дәуірі қарқынды дамып келеді. Көптеген ұйымдар бүгінде дәстүрлі бизнес үлгілерінің өзгеруін бастан өткеріп, цифрлы технологиялар көмегімен бәсекеге қабілетті болуға талпынуда. Мамандар өңдеу өнеркәсібін толық автоматтандыруға арналған заманауи технологияларды және жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолданатын озық цифрлы инновациялық шешімдерді қолдану арқылы өндірістегі табысты арттырып, шығынды азайтуға мүмкіндік мол екенін айтады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті Қазақстанның жаңа экономикалық бағдары» атты Жолдауында «Менің цифрландыру ісіне және инновацияны енгізу мәселесіне баса мән беретінімді баршаңыз білесіздер.Біздің маңызды стратегиялық міндетіміз – Қазақстанды ІТ мемлекетке айналдыру» деген болатын.

Осы орайда Шымкент қаласындағы өнеркәсіп кәсіпорындарында өндіріске цифрлық технологияларды енгізу бойынша бірқатар жобалар жүзеге асып жатыр. Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметтері бойынша, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-і, «Химфарм» АҚ-ы, «Шымкентцемент» АҚ-ы, «Зерде-Керамика» ЖШС-і, «Бал Текстиль» ЖШС-і, «Karlskrona LC AB» ЖШС-і секілді компаниялар қазірдің өзінде өндіріске цифрлық технологияларды енгізген. Ал, цифрлық технологиялар енгізу үшін жұмыс атқарып жатқан кәсіпорындардың қатарында «Рахат-Шымкент», «Барыс 2007», «Шымкентмай», «Гауһар» тігін фабрикасы», «Шымкентдорстрой» ӨК», «Shymkent Temir», «Кazmedpribor holding», «Аsia trafo» секілді компаниялар бар.

Басқарманың мәліметтеріне сүйенсек, Шымкент қаласында өнеркәсіп секторында 907 кәсіпорын белсенді түрде жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 23 ірі кәсіпорын, 44 орта кәсіпорын және 840 шағын кәсіпорын бар. Биылғы жылдың 9 айында өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 672,3 миллиард теңгені құраған. Алдын ала болжамдарға сәйкес, биылғы жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 850 миллиард теңгеге жетуі ықтимал.

ШЫМКЕНТ:ҚАЛАНЫҢ ШЕТІНДЕГІ ЕМДЕУ МЕКЕМЕСІ ДЕМАЛЫС КҮНІ ДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асылбеков Нұрлыбек №7 емханаға барып, медициналық қызмет түрлерінің сапасы мен қолжетімділігін арттыру жұмыстарының барысымен танысты.

Қаланың бас дәрігері емханаға қарасты Қарабастау елді мекеніндегі дәрігерлік амбулаториясында болып, жергілікті халыққа медициналық қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатында сенбі және жексенбі күні жұмыс істеуін тапсырды. Денсаулық сақтау басқармасы басшысының тапсырмасы бойынша енді Қарабастау елді мекеніндегі амбулаторияда дәрігерлер сенбі және жексенбі күндері сағат 8-00 ден 20-00-ге дейін жергілікті тұрғындарға медициналық көмек көрсетеді.

Сондай-ақ Нұрлыбек Абибуллаұлы №7 емхананың негізгі ғимаратында болып, үздік практика орталығының ашылуына орай, дайындық жұмыстарымен танысты. Емхана жанынан ашылатын орталықтың негізгі мақсаты – халыққа медициналық көмектің қолжетімділігі мен оның деңгейіне қанағаттану деңгейін көтеру және әр отбасы құрамындағы адамдармен жеке-жеке әлеуметтік-медициналық, психологиялық және құқықтық көмек көрсете отырып, арыз-шағымдарды азайту, ұжымдық және методикалық жұмыс жүргізу.

Бүгінде емханада тренинг және симуляциялық орталық ашылып, өз жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар емхана ішінде «Жастар денсаулық орталығы» қызмет көрсетуде, онда 10-29 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастарға медициналық, әлеуметтік және психологиялық, құқықтық көмек көрсетіледі.

Басқарма басшысы №7 емхананың бас дәрігері Айман Оспановаға емдеу мекемесінің жұмысын жүйелеп, бірінші кезекте сапалы медициналық көмек көрсетуді тапсырды.

ШЫМКЕНТ: ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығының алаңында Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Мәлік Абдинуров, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Шымкент өндірістік филиалы директорының бірінші орынбасары Айбек Ерғали және Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Зарипа Тұрысбекованың қатысуымен жылыту маусымындағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі шаралар төңірегінде баспасөз конференциясы өтті.

Баспасөз мәжілісінде үйішілік қызмет көрсету мекемелерінің қызметі мен көп қабатты тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігін сақтау шаралары, тұрғын үйлердің құбырларын зерделеу, газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтау жөнінде сөз қозғалды.

Қазіргі таңда Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы мен прокуратура органдары бірлесе отырып үйішілік қызмет көрсетуші мекемелердің тұғындармен келісім-шарт жасасу жөніндегі міндеттемелерінің орындалуы бойынша рейдтік іс-шаралар ұйымдастыруда.

Қала тұрғындары өздерінің газ жабдықтарының жарамды техникалық күйде болуын қамтамасыз ету мақсатында қолданыстағы заңнамаға сәйкес (Газ және газбен жабдықтау туралы ҚР Заңы) жылына бір рет үйішілік газ құрылғыларына (жабдықтарына) қызмет көрсету мекемелерімен келісім шартқа тұруы міндетті.

Үйішілік қызмет көрсету мекемелерін Шымкент қаласының 109 I-көмек ситуациялық орталығымен интеграциялау жұмыстары жүргізілді. Қала тұрғындары 109 I-көмек ситуациялық орталығына хабарласып, аталған қызмет көрсетуші мекемелер бойынша мәлімет алуға және олардың жұмыстарына қатысты өздерінің сыни ескертпелерін қалдыра алады.

Тұрғындардан түскен өтініштерге үнемі және уақытылы жауап берілуі үшін үйішілік қызмет көрсетуші мекемелері мен 109 I-көмек және Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармалары арасында орталықтырылған чат құрылып, жұмыстар жүргізілуде.

Үйішілік қызмет көрсетуші мекемелердің (ВДГО) тізімі «I-Shymkent»

ақпараттық жүйесіне енгізіліді. Тұрғындардың электронды келісім шартқа тұруға мүмкіншілігі бар.

 

ШЫМКЕНТТЕ ӨНДІРІСКЕ ЦИФРЛЫҚ ТЕНОЛОГИЯЛАР ЕНГІЗІЛІП ЖАТЫР

Соңғы жылдары цифрлы трансформация дәуірі қарқынды дамып келеді. Көптеген ұйымдар бүгінде дәстүрлі бизнес үлгілерінің өзгеруін бастан өткеріп, цифрлы технологиялар көмегімен бәсекеге қабілетті болуға талпынуда. Мамандар өңдеу өнеркәсібін толық автоматтандыруға арналған заманауи технологияларды және жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолданатын озық цифрлы инновациялық шешімдерді қолдану арқылы өндірістегі табысты арттырып, шығынды азайтуға мүмкіндік мол екенін айтады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті Қазақстанның жаңа экономикалық бағдары» атты Жолдауында «Менің цифрландыру ісіне және инновацияны енгізу мәселесіне баса мән беретінімді баршаңыз білесіздер.Біздің маңызды стратегиялық міндетіміз – Қазақстанды ІТ мемлекетке айналдыру» деген болатын.

Осы орайда Шымкент қаласындағы өнеркәсіп кәсіпорындарында өндіріске цифрлық технологияларды енгізу бойынша бірқатар жобалар жүзеге асып жатыр. Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметтері бойынша, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-і, «Химфарм» АҚ-ы, «Шымкентцемент» АҚ-ы, «Зерде-Керамика» ЖШС-і, «Бал Текстиль» ЖШС-і, «Karlskrona LC AB» ЖШС-і секілді компаниялар қазірдің өзінде өндіріске цифрлық технологияларды енгізген. Ал, цифрлық технологиялар енгізу үшін жұмыс атқарып жатқан кәсіпорындардың қатарында «Рахат-Шымкент», «Барыс 2007», «Шымкентмай», «Гауһар» тігін фабрикасы», «Шымкентдорстрой» ӨК», «Shymkent Temir», «Кazmedpribor holding», «Аsia trafo» секілді компаниялар бар.

Басқарманың мәліметтеріне сүйенсек, Шымкент қаласында өнеркәсіп секторында 907 кәсіпорын белсенді түрде жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 23 ірі кәсіпорын, 44 орта кәсіпорын және 840 шағын кәсіпорын бар. Биылғы жылдың 9 айында өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 672,3 миллиард теңгені құраған. Алдын ала болжамдарға сәйкес, биылғы жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 850 миллиард теңгеге жетуі ықтимал.

 

Түркістан: білім саласының басқару жүйесіне өзгеріс енгізіледі

Түркістан облысында жаңа оқу жылындағы жұмыс барысы Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында баяндалды. Жалпы облыста 21 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оның ішіндегі 14 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. 5 мектептің жұмысы келер жылға өтпелі.

ШЫМКЕНТТЕ ВОЛОНТЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ БАҒЫТЫНДА ОҚЫТУ-СЕМИНАРЛАР ӨТЕДІ

Елімізде волонтерлікті дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасы аясында бірқатар табысты жобалар іске асты. Мемлекет басшысы осы салада нақты стратегиялық векторды белгілей алатын жаңа Жол картасын дайындау қажеттігін мәлімдеген еді.

Осыған орай «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ бүкіл республика бойынша «Волонтерлікті қолдау және 2024-2026 жылдарға арналған Жол картасы» жобасына ұсыныстар мен ұсынымдар жинау мақсатында іс-шаралар мен кездесулер кешенін бастады.

«Ұлттық еріктілер желісі» ЗТБ өңірлермен өзара іс-қимыл жөніндегі бағыттың басшысы Ақерке Құсанова, қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Мағжан Исахов осыған байланысты баспасөз брифингін өткізді. Қыркүйек айынан басталған іс-шаралар кешені ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Оған ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, ҮЕҰ-ның және волонтерлікті дамыту саласындағы халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.

– Өңірлердегі іс-шаралар барысында волонтерлікті дамытуға ықпал ететін табысты тәжірибелер мен жобалар анықталып, волонтерлік саладағы проблемалар мен қажеттіліктер талданады. Және 2024-2026 жылдарға арналған волонтерлікті дамытудың Жол картасына ұсыныстар мен ұсынымдар жиналады. Жол картасы аясында волонтерлік қызметті мемлекеттік қолдаудың стандарттары айқындалады, – деді А.Құсанова.

Шымкент қаласында осы кешенді іссапар аясында мемлекеттік қызметкерлермен, волонтерлік ұйымдармен оқыту-семинарлар ұйымдастырылмақ. Онда жол картасының жобасын дайындау бағытында әр өңірдің ерекшелігі, мәселелелері талданады.

Қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Мағжан Исаховтың айтуынша, 2020 жылдан бастап орталықта волонтерлікті дамыту бағытында фронт-офис жұмыс істейді. Қазір қалада 10-нан астам үлкен волонтерлік ұйым бар. Олар спорттық, қоғамдық іс-шараларға белсене атсалысуда.

Түркістан: сарқынды суы табиғатты ластап жатқан моншалардың мәселесі реттеледі

Түркістан облысындағы сарқынды суы ашық жерге ағып, кір-қоңның суы табиғатты ластап жатқан моншалар жаппай тексеріледі. Осыған орай облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен жұмыс тобы құрылды.

Қазығұрт ауданында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі соңғы 3 жылда 1,5 есеге өскен

Түркістан облысында тағы бір жер дауы шешілді. Қазығұрт ауданы, «Қарабау» шаруашылығына берілген 4,4 мың гектар егістік жер телімі ауданның арнайы жер қорына қайтарылды. Оның 3 мың 900 гектары 7 өндірістік кооперативке конкурс арқылы берілді. Осылайша, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыдан Қарабау ауыл округіндегі жер бөлу мәселесін шешуге қатысты көмек сұраған тұрғындар мәселесі шешімін тапты. Облыс әкімінің Қазығұрт ауданындағы халықпен кездесуіне келген тұрғындар бірнеше жылға созылған жер дауына нүкте қойған әкімге алғыс айтты.