Түркістан облысы: Дархан Сатыбалды ауылдарды аралап, тұрғындармен кездесті
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Ордабасы ауданындағы ауылдардың өзекті мәселелерін тұрғындармен, ақсақалдармен ақылдасып, бірлесе шешу үшін ауылдарды аралап жүр.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Ордабасы ауданындағы ауылдардың өзекті мәселелерін тұрғындармен, ақсақалдармен ақылдасып, бірлесе шешу үшін ауылдарды аралап жүр.
Ордабасы ауданындағы есептік кездесуден кейін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аймақтағы проблемаларды тұрғындармен ақылдасып, бірлесе шешу үшін ауылдарды аралады. Халықты толғандырған мәселелерді заң аясында шешу жолдарын түсіндіріп, атқарылған жұмыстарды баяндады.
Ордабасы ауданында негізгі капиталға жыл басынан бері 14 млрд. теңге инвестиция тартылған. Өнеркәсіп саласында биыл 6 айда 14,2 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Ауыл шаруашылығы өнім көлемі биыл 6 айда 19 млрд. теңгені құрап, 71,6 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қолдау көрсетіп, оларды кәсіпке бейімдеу жоспарлануда. Мемлекет басшысының тапырмасымен жүзеге асып жатқан жаңа жобаның мақсаты – ауыл халқының табысын арттыру, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды Ордабасы ауданының тұрғындарымен кездесіп, сауалдарына жауап берді. Жаңа жобаның мүмкіндіктерін түсіндіріп, тиімділігін тізбектеп берді.
Түркістан облысында 833 елді мекеннің 465-і (55,9%) табиғи газбен қамтамасыз етілді. 2023 жылдың соңына дейін 103 нысанның 68-ін пайдалануға беру жоспарлануда. Облыс әкім Дархан Сатыбалды «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовпен кездесті.
Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығында «Қорған-М» ҚБ менеджері Диляра Қырғызбаева баспасөз конференцияда айтты.
Жобаның мақсаты - Шымкент қаласы жастарының проблемаларын шешу, елдің экономикалық және әлеуметтік болашағын қалыптастыру және жастардың әлеуетін арттыру.
«Жобаға 18-ден 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Сонымен қатар өтініш беруші Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс. Өтінім беруші өтінім берген кезде өңір аумағында тұрақты немесе уақытша тіркелуі керек, өтініш беруші өтінім берген сәтте уақытша тұрақсыз жастар мәртебесінде болуға тиіс (Уақытша тұрақсыз жастарға тіркелген жұмыссыз мәртебесі бар жастар, үй шаруасымен айналысатын жастар, мүгедектігі бар адамдар болып табылатын жастар, күндізгі оқу нысанында жұмыс істемейтін және оқымайтын 18-35 жастағы басқа адамдар. Өтініш беруші конкурсқа қатысу үшін тек 1 (бір) әлеуметтік жобаны ұсына алады», - деді спикер.
Байқау туралы барлық ақпарат Шымкент&БҚО Zhas Project Telegram-ботында қолжетімді. https://t.me/ZhasProShymkentZKO_bot. Жастардан өтінімдерді қабылдау мерзімі 2023 жылғы 9 қазаннан бастап 2023 жылғы 22 қазан сағат 23:59-ға дейін. 1 қарашада іріктеу нәтижелері әлеуметтік желілерде және Telegram-ботында қорытынды жариаланады.
Әлеуметтік жобаларға қойылатын талаптар:
3.1. Өтініш беруші ұсынған жоба жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталуы керек.
3.2. Жобаны өтініш беруші 2 (екі) айдан аспайтын мерзімде іске асыруы тиіс. Бұл ретте, өңірлік жобалау кеңселері өтініш берушілерге жобаны іске асырудың негізгі мерзімінен кейін де консультациялық қолдау көрсете алады.
3.3. Конкурс шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін жобаларға, сондай-ақ мынадай бағыттағы жобаларға қолдау көрсетілмейді:
1) жобаны іске асыру барысында ақылы қызметтер көрсетуді/тауарларды сатуды көздейтін коммерциялық қызмет;
2) шағын жөндеуді қоспағанда, құрылыс жұмыстарының немесе Ғимараттарды/үй-жайларды, оның ішінде стадиондарды, жылыжай кешендерін реконструкциялау/қалпына келтіру жөніндегі жұмыстардың қандай да бір түрлерін көздейтін жобалар;
3) жергілікті мемлекеттік органдар, өзге де мемлекеттік мекемелер немесе үкіметтік емес ұйымдар үшін жабдықтарды/тауарларды сатып алуды/жалға алуды көздейтін жобалар;
4) діни ұйымдарға қызмет көрсету жөніндегі жобалар (шіркеулерді, мешіттерді жөндеу немесе салу, діни білім беру, діни әдебиеттерді басып шығару және т. б.);
5) қоршаған ортаға теріс әсер етуі мүмкін жобалар;
6) жер учаскелерін сатып алуды/жалға алуды, тұрғын үй сатып алуды/жалға алуды, автокөлік сатып алуды көздейтін жобалар;
7) соңғы жыл ішінде алған және (немесе) басқа көздер есебінен тікелей ақшалай қаржыландыру алатын жобалар;
8)ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми-зерттеу әдістемелерін / бағдарламаларын әзірлеу;
9) баспаханада қолжазбалар, журналдар, газеттер жазуды/басып шығаруды көздейтін жобалар;
10) мақсаты ақшалай сыйлықтар тапсыру, құрмет көрсетуді ұйымдастыру, қандай да бір бағдарламаларды немесе жобаларды іске асырғаны үшін ақшалай сыйақы және т. б. болып табылатын жобалар.;
11) грант қаражаты есебінен тікелей ақшалай қайырымдылық көмекті көздейтін жобалар;
12) жынысына, нәсіліне, дініне, жасына байланысты кемсітушілікке әкелуі мүмкін қызметті жүзеге асыру.
3.4. Жобаны іске асыру шеңберінде шығыстардың мынадай түрлеріне тыйым салынады:
1) өңірден тыс жерлерге сапарларға (іссапарларға, оқытуға) байланысты шығыстар;
2) Жеке тұлғаларға медициналық қызметтерге ақы төлеу;
3) жобаның жалпы бюджетінің 10% - % асатын оқуға, өтініш берушінің біліктілігін арттыру курстарына арналған шығыстар;
4) Жабдықтарды/тауарларды шетелден, шетелдік сайттардан сатып алу;
5) пайдалануда болған тауарларды сатып алу.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім беруші конкурстық өтінімді ұйымдастырушының электрондық мекенжайына жіберуі тиіс This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. .
Сауалнама нысанына сәйкес толтырылған сауалнама деректері (1-қосымша), жобалық өтінімнің толтырылған нысаны. Өтінім әрбір тармақ бойынша және белгіленген нысанға (2-қосымша) сәйкес толтырылуы тиіс және өтінімге қоса тіркелу қажет.
Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Инвестицияның жетіспеуі экономиканың өсімін тежеп тұрған басты мәселе болып тұр. Инвестицияның тапшылығы болашақта тоқырауға әкеп соқтырады. Былтыр негізгі капиталға салынған қаражат ішкі жалпы өнімге шаққанда небәрі 15 пайыз болды» деп, инвестиция тартудың экономиканың дамуындағы маңызы туралы айтқан болатын.
Осы орайда Шымкент қаласының экономикасына инвестиция тарту бойынша негізгі салалардың бірі құрылыс саласы екені белгілі. Шымкент қаласының құрылыс басқармасымен 2023 жылы бюджет есебінен жалпы 144,9 млрд. теңгеге 160 нысанның құрылысы жүргізу жоспарланған. Оның ішінде 98 тұрғын үй, 18 инженерлік инфрақұрылым нысандары, 43 әлеуметтік нысандар бар.
Оның ішінде тұрғын үй құрылысы бойынша ағымдағы жылдың қорытындысымен 230,1 мың шаршы метр құрайтын 3 072 пәтерлі 67 тұрғын үйді (кредиттік - 61, арендалық - 6) пайдалануға беру жоспарланған. Осы жылдың сәуір айында Тұран шағын ауданында 1 көпқабатты тұрғын үйдің (54 пәтер) құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылды.
Бұдан бөлек нарықтан 1 405 арендалық пәтер сатып алынады. Оның ішінде 900-і жұмыс істейтін жастарға, 505-і әлеуметтік осал топтағы азаматтар беріледі. Қазіргі таңда жастарға – 420, ал, аз қамтылғандарға 363 пәтер сатып алынды. Қалған 31 тұрғын үйдің құрылысы келесі жылға өтпелі.
Ал, инфрақұрылым құрылысына тоқталар болсақ, 2023 жылы бұл бағытта 18 нысан салу жоспарланған. Жыл соңына дейін 12 инфрақұрылым нысандарының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмек. Қалған 6 нысанның құрылысы келесі жылға өтпелі.
Сонымен қатар осы жылы 6 млрд теңгеге 3 450 орындық 7 мектептің құрылысын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда 5 нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылды, тағы 1 нысанның құрылысы жыл соңына дейін аяқталатын болады.
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен облыс жастарының жұмыссыздық деңгейін төмендету және жоғарғы оқу орындарын бітірген жастарды жұмысқа тарту, аудан, қалалық жастар ресурстық орталықтарының бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру мақсатында, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Отырар ауданында «Ұлы Жібек жолы бойындағы тоқыма және зергерлік өнер» тақырыбындағы Халықаралық қолөнер шеберлері жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Салтанатты шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің Төрағасы Күміс Сейітова, Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қорының өкілі Талғат Мұханов және Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанханов ашып берді.
Бүгін «Шахмат керуені» 4000 шақырым жолды жүріп өтіп, үшінші мегаполиске келді. Керуеннің келу құрметіне орай ұйымдастырылған мерекелік шара кезінде Қазақстан шахмат федерациясының Шымкент қалалық филиалы ашылып, оның төрағасы болып кәсіпкер Сапарбек Тұяқбаев тағайындалды.
Ал Шымкенттіктер республикалық шахмат федерациясының президенті Тимур Турловтың арнайы видео-үндеуін тыңдады.
«Шахмат керуені» – жай ғана бір күндік жоба немесе акция емес, зиялы ұлт қалыптастыру жолындағы мемлекеттік мүдденің маңызды кезеңі. Бұл ауқымды оқиға интеллектуалдық ойынның дамуына тың серпін беріп, бүкіл ел бойынша мыңдаған отандасымызды шахмат секцияларына тартады деген сенімдеміз», – деді Тимур Русланұлы. Оның айтуынша, бұл жоба еліміздің әр өңіріндегі көзқарастары мен принциптері ұқсас адамдарды бір арнаға тоғыстырады.
Жобаның өтуіне толықтай қолдау көрсетіп отырған бас демеуші – Freedom Broker. Компанияның Шымкент қалалық филиалының өкілі Ерлан Әбдурасилов аталған жобаны қолдау арқылы Қазақстанның болашағы мен әл-ауқатын арттыруға инвестиция құйып жатқанын жеткізді.
«Осындай үлкен шаралар ұлтымыздың зияткер ұрпағының дамуына көмектеседі. Ал біз шахмат спортын жақсы көретін жастарымызды қолдау үшін күшіміз бен қаражатымызды жұмсауға әрқашан дайынбыз», – деді Freedom Broker өкілі.
Алаңда орнатылған киіз үйде қалалық іріктеуден өткен 20 адам финал үшін өзара бақ сынасты. Сондай-ақ турнирдің 10 қатысушысы жасөспірімдер және жастар арасында 8 дүркін Қазақстан чемпионы, халықаралық деңгейдегі шахмат шебері Әсел Серікбаймен бір мезеттік ойын ойнау мәртебесіне ие болды.
«Мені 3-4 жылдан бері осы ойын түріне шақырып тұрады. Бұл сеанста мен әр шахматшымен кезекпен-кезек ойнап шығамын. Бірі ұтуы мүмкін немесе тең түсіп те жатады. Оның өзі үлкен жетістік. Өйткені осы ойын арқылы қатысушылар өздеріне биік мақсат қояды», – дейді Әсел.
Жартылай финал қорытындысы бойынша І орынды 11 ұпайдың 9-ын жинаған Әбдіқадыр Яхияев иеленді. Ол FIDE төрешісі және Жансая Әбдімәлік шахмат мектебінде аға жаттықтырушы боп қызмет етеді. Ал жүлделі ІІ орынды 39 жастағы жеке кәсіпкер Абзал Оңғаров иеленсе, 16 жасар мектеп оқушысы Нұрасыл Жұмабек ІІІ орынға жайғасты. Үш жеңімпаз да Түркістанда өтетін гранд-финалға жолдама алды.
Сонымен қатар, Татьяна Щеголева «Әйелдер арасында үздік көрсеткіш» аталымы бойынша , Нұрислам Айнақұл «16 жасқа дейінгі үздік нәтиже» және Ғабит Жапбасбаев «50 жастан асқандар арасындағы үздік ойыншы» ретінде марапатталды.
Сондай-ақ, FIDE төрешісі «Шахмат керуені» жартылай финалында топ жарды. 12 жасар Шымкент тұрғыны шахмат турнирінің ең жас ойыншысы атанды.