Кентау қаласы: облыстық мәслихат депутаттары инфрақұрылымдық және әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысымен танысты

Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары жұмыс сапарымен Кентау қаласына келіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан бірқатар инфрақұрылымдық және әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылыс барысымен танысты.

Созақ ауданы «Жалпыұлттық құндылық – ел дамуы» жобасында 1 орынды иеленді

Түркістан қаласында «Шаңырақ» жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жүзеге асқан «Жалпыұлттық құндылық – ел дамуы» жобасының қорытынды кезеңі жоғары деңгейде өтті.

Сауран ауданында «TUR WORKOUT – Тәртіпке тартыл» облыстық жастар жобасы өтті

Сауран ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен Тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған «TUR WORKOUT – Тәртіпке тартыл» облыстық жастар жобасы өтті. Іс-шара Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығының бірлесіп ұйымдастырды.

Кентауда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жалпықалалық сенбілік өтті

Кентау қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кезекті жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық шарасы қаладағы Жастар саябағында өтіп, оған қала әкімі Жандос Тасов, бөлім және мекеме басшылары, мемлекеттік қызметкерлер, жастар мен белсенді тұрғындар қатысты.

Кентау: Қарнақ ауылында жаңа өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді

Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында жаңадан салынған өрт сөндіру бекетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Маңызды нысанның ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бағдат Чайзада, Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов, азаматтық қорғау саласының ардагерлері мен қызметкерлері, ауыл тұрғындары қатысты.

Сауран ауданы: құрылыс, жол инфрақұрылымы және әлеуметтік қолдау бойынша жұмыстар талқыланды

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Жиынның күн тәртібіне сәйкес заңсыз құрылыс нысандарын анықтау, олардың алдын алу және жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйі талқыланды.

Созақ ауданы: мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қоғамдық бақылау жүргізілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Созақ ауданы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау және құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімшесінің бас инспекторы С. Қарабаев, Созақ аудандық «Демеу» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы, аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі Б. Смахованың қатысуымен Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді.

Кентау қаласына жұмыс сапарымен вице-министр Ербол Тұяқбаев келді

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Жоракелдіұлы Тұяқбаев жұмыс сапарымен Кентау қаласына келді. Сапар аясында вице-министр алдымен қаладағы Арнаулы кәсіптік колледжде болып, оқу орнының материалдық-техникалық базасымен және білім беру үдерісімен танысты.

Түркістан төрінде Кентау қаласының мәдени күндері жоғары деңгейде өтті

Түркістан қаласындағы «Керуен-Сарай» туристік кешенінде өткен «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Кентау қаласының мәдени күндері ұйымдастырылып, тұрғындар мен қала қонақтарына ерекше рухани әсер сыйлады.