Отырар ауданы: күн тәртібінде құрылыс саласына қатысты мәселелер қаралды

Бүгін Отырар ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Қайрат Жолдыбайдың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл округтерінің әкімдері, бөлім және мекеме басшылары қатысты.

Мәмс жүйесі айтарлықтай кеңейді

2026  жылдың 1 қаңтарынан бастап бірқатар созылмалы аурулар МӘМС пакетіне енді. Бұл сақтандырылған пациенттерге емдеуді, консультацияларды және қажетті препараттарды тегін алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы №9 қалалық емхананың бас дәрігері Р.И Оразбаева төмендегідей мәлімет берді. 

Сауран ауданында өңдеу өндірісін дамытуға бағытталған жаңа жоба талқыланды

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров «BAUDAN EXPORT» ЖШС өкілдерімен кездесіп, аудан аумағында көкөніс пен жеміс-жидек өнімдерін кептіру және терең өңдеу арқылы эфир майын өндіру жобасын іске асыру мәселесін талқылады.

Сауран ауданы әкімінің жеке қабылдауында тұрғындардың өзекті мәселелері қаралды

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров тұрғындарды жеке қабылдап, аудан тұрғындарын толғандырған бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерді тыңдады. Қабылдау барысында жұмыспен қамту, тұрғын үймен қамтамасыз ету, білім беру саласына жұмысқа орналасу, қызметтік тұрғын үй, ауылдық елді мекендердің жол және жарықтандыру мәселелері, жайылым жерлерді пайдалану, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту және әлеуметтік қолдау шаралары бойынша ұсыныстар мен өтініштер қаралды.

Сауран аудандық емханасына жаңа автокөлік табысталды

Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» кешенінде Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға денсаулық сақтау саласының ардагерлері мен қызметкерлері қатысып, өңір медицинасының дамуына үлес қосып жүрген үздік мамандар марапатталды.

Сауран ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия отырысы өтті

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиын барысында дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар қаралды.

Созақ ауданында шегірткеге қарсы күрес күшейтілді

Созақ ауданында аса қауіпті зиянкес шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары қарқынды жалғасуда. Бүгінде Жартытөбе ауылдық округі аумағынан италиялық прус шегірткесінің ошағы анықталып, 80 гектар аумақ залалсыздандырылуда.

Сауран ауданы: судағы қауіпсіздік талаптарын сақтау мақсатында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

Сауран ауданы әкімдігі, аудандық прокуратура және аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бірлесе ұйымдастыруымен Оранғай ауылдық округі аумағындағы “Байылдыр-Қарашық” өзені бойында орналасқан белгіленбеген суға түсу орындарында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

Созақ ауданы: Шолаққорғанда Қашқынбай Кенжеханұлын еске алуға арналған турнир өтті

Шолаққорған ауылдық спорттық-сауықтыру кешенінде Қазақстан Республикасының дене тәрбиесі мен спортына сіңірген еңбегі үшін Құрмет белгісінің иегері, білікті жаттықтырушы, ұлағатты ұстаз Қашқынбай Кенжеханұлының туғанына 80 жыл толуына орай жасөспірімдер арасында күрестен ашық турнир өтті.