Түркістан облысы: Сарыағаш ауданында «Жаңа қоныс – 2026» жәрмеңкесі өтті
Түркістан облысы Сарыағаш ауданында ішкі көші-қон үдерісін дамытуға бағытталған маңызды кездесу өтті. Аудандық мәдениет үйінде «Жаңа қоныс – 2026» жәрмеңкесі аясында Шығыс Қазақстан облысынан арнайы келген делегация өкілдері жергілікті тұрғындарға ерікті қоныс аудару, еңбек нарығындағы жаңа мүмкіндіктер және әлеуметтік қолдау тетіктері жөнінде ақпарат берді.