Түркістан облысы: Қазығұртта таңқурай өсіретін диқандар жылына 2-3 рет өнім алуда
Қазығұрт ауданында таңқурай өсіруді кәсіп еткен жергілікті диқандар жылына 2-3 өнім алу әдісін мықтап қолға алған. Сондай-ақ, аймақта өсімдік майын өндіру ісі де қарқынды. Өндіріс қуаттылығы жылына 1000 тонна өнімді құрайтын цех Қытай Халық Республикасына мақсары майын экспорттайды. Кәсіпорын мақта майын да өндіреді. Бұл туралы облыс әкімінің аймаққа жасаған сапарында айтылды.