Шымкентте Орталық Азия сауда форумы өтіп жатыр

Бүгін Шымкент қаласында компаниялар мен экспорттаушылар үшін жетекші аймақтық халықаралық шара болып саналатын Орталық Азия сауда форумы ашылды. Бұл – Шымкент қаласы әкімдігі мен USAID-тың қолдауымен жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін тоғызыншы форум. 

Түркістан облысы: Шардара СЭС жылдық жоспарын мерзімінен бұрын орындады

Мамандардың сөзінше, қуаты аз, ескірген генераторлардың орнына СЭС-ті жаңғырту бағдарламасы аясында 2019 жылдың бірінші жартысында әрқайсысының қуаты 31,5 МВт болатын екі жаңа су агрегатының (ГА-1 (2019 жылғы 25 ақпанда) және (ГА-2 (2019 жылғы 28 сәуірде) пайдалануға берілуі генерациялау жоспарын асыра орындауға мүмкіндік берді.  «Шардара СЭС» АҚ 2019 жылдың басынан бері жоспарланған 301 900 мың кВт сағаттың орнына 403 655 мың кВт сағаттан астам электр энергиясын өндірді. Осылайша су электр станциясы электр энергиясын генерациялаудың жылдық тапсырмасын мерзімінен бұрын орындады.  

Түркістан облысы: Келес ауданында бес балалы ана бөдене өсіреді

 

Бүгінде кәсіп ашып, нәсібін табуға ұмтылғандар үшін мемлекет тарапынан берілетін жәрдемнің түрі жетерлік. Соның бірі – аз қамтылған отбасыларға арналған атаулы әлеуметтік көмек бағдарламасыҚазір бұл бағдарламаның шапағатын көріп жатқан жандар аз емес. Олар өз қалаулары бойынша түрлі кәсіптер ашып, тұрмыстарын түзеуде. Солардың бірі келестік келіншек – Әйгерім Әлімбекова. Бес баланың анасы мемлекет берген қаржыға бөдене өсіруді жөн көріпті. 

Түркістан облысы: «Жастар жылы» аясында несие алған жетісайлық келіншек кәсібін дамытты

Биылғы «Жастар жылында» мемлекеттік қолдаудың арқасында жылдық үстемесі 1 пайызбен 2 млн. теңге несие алып, шаруасының ауқымын кеңейткен жетісайлық жас кәсіпкерлердің бірі – Әсия Қозыбекова. Автокөліктердің орындықтарын қаптап, әрін келтіретін келіншек бұған дейін ескі тігін машинасымен жұмыс істеп келген екен

Шымкент: салықтан түсетін қаржы көлемі артқан

Бүгін Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімі аппаратының 2019 жылдың алғашқы 10 айындағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы бойынша баспасөз брифингі өтті.

Шымкентке 6 айда 110 мың турист келген

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25 пайызға артық көрсеткіш. Осылай деген «Қазақ туризм» ұлттық компаниясы енді туроператорлардың өздерін елді аралатуды бастады. Ішкі туризмді дамыту мақсатындағы жаңа жобаның таяуда екінші циклі басталды. 5 аймаққа жол тартқан агенттік жетекшілері үшінші мегаполиске де табан тіреді.

Шымкентте «Жұлдыз» индустриалды аймағы ашылатын болды

Шымкент қаласында бүгінде 2 индустриалды және «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы бар. Енді олардың қатарына аймақ учаскелерін толық жобалармен қамтып, әрі қарай дамыту мақсатында құру жұмыстары басталып кеткен «Жұлдыз» индустриалды аймағы қосылғалы тұр.