Созақ ауданында ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 8 айда 12 млрд 260,5 миллион теңгеге жеткен

Созақ ауданының орталығы Шолаққорған ауылындағы «Даңқ» саябағында ауыл шаруашылығы саласындағы дәстүрлі «Алтын күз-2023» шарасы өтті. Жиын аясында арзан бағада азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласындағы заманауи технологиялар мен асыл тұқымды мал түрлерінің көрмесі өтті.

Созақ ауданы: келесі жылы жоба құны 100 миллиард теңге болатын «Қазатомпром» компаниясының күкірт қышқылын өндіретін зауыт құрылысы басталмақ

Көп жылдан бері ауыл шаруашылығындағы өзекті мәселелердің бірі болып келген Созақ ауданындағы «Жылыбұлақ» каналының мәселесі шешімін тапты. Биыл жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалып, облыстық бюджеттен құрылыс жұмыстарын бастау үшін қаражат бөлінді. Жоба құны 470 миллион теңгені құрайды. Бұл канал пайдалануға берілген соң 650 гектар суармалы жер мен Құмкент, Қызылқанат елді мекендері тұрғындарының 133 гектар егістік жерлері ағын сумен толық қамтамасыз етілетін болады.

Созақ ауданы: индустриалды аймақта 5 жоба іске асырылуда

Созақ ауданында халықтың әл-ауқатын жақсарту, сондай-ақ, экономикалық белсенді тұрғындардың санын көбейту, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік саласы бойынша көптеген жұмыстар атқарылуда. Атап айтар болсақ, Созақ ауданы көлемінде биыл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда1207 жаңа кәсіпкерлік субъектілері ашылып, кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 4766 жеткен. Өнеркәсіп өнімінің көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 94,6 пайызды құрайды.  Аудан көлемінде 2023 жылдың I-тоқсанында  28  жаңа кәсіпкерлік субъектілері ашылып, кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 4 792 жетті.

Созақ ауданы: жергілікті бюджет кірістеріне 9 айда 10 млрд. теңгедан астам қаржы түскен

Созақ ауданында ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысымен ауданда 384 млрд. 137 млн. теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндіріліп, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 112 пайызға немесе 41 млрд. 355 млн. теңгеге артты. Есепті кезеңде аудан экономикасына 57 млрд. 830 млн. тенге инвестиция тартылды. Жергілікті бюджет кірістеріне ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне 10 млрд. 8 млн. 844 мың теңге қаржы түсіп, жоспар 108,2 пайызға немесе 775 млн. 491 мың теңгеге өзіндік кірістер есебінен артығымен орындалды.

Созақ ауданында 1 трлн теңгеге 13 инвестициялық жоба іске асырылмақ

Созақ ауданында 2027 жылға дейін 1 трлн. теңгеге 13 инвестициялық жоба іске асырылатын болады. Атап айтқанда, келер жылы жоба құны 100 млрд. теңге болатын «Қазатомпром» компаниясының күкірт қышқылын өндіретін зауыт құрылысы басталады. «Маңғышлақ-Мұнай» компаниясы табиғи газ өндіру кәсіпорнының құрылысы басталады деп жоспарлануда. Жоба құны - 89 млрд. теңге.

Созақ ауданының экономикасы қарқынды даму үстінде

Созақ ауданында атқарылып жатқан істердің қарасы қалың. Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, инвестиция тарту, экономикалық өсім – қарқынды. Түркістан облысының маңызды аудандарының бірі саналатын атаулы өңірдің аяқ алысы жаман емес. Кәсіпкерлік саласы мен ауыл шарушылығы саласы да жыл өткен сайын дамудың даңғыл жолына түсіп келеді.

Созақ ауданында 6 айда негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 40 миллиард теңгені құраған

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының халықпен тұрақты кездесуі Созақ ауданында жалғасты. Ел алдында есеп берген облыс басшысы биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығын қорытындылап, жеткен жетістіктер пен жасалған жұмыстың мән-жайымен тұрғындарды таныстырды. Сонымен қатар алға қойылған мақсат-міндеттермен бөлісіп, қолға алынатын жобаларға кеңінен тоқталып өтті. Халықпен кездесуге Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Нұралы Әбішев, облыстағы барлық басқарма басшылары қатысты.

ШЫМКЕНТТЕ «САПАЛЫ ӨНІМ» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында Сауда және қызмет салалық кеңесінің отырысы өтті. Жиынға Палата басшылары, Шымкент қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің жетекшілері, кәсіпкерлер қатысып, «Сапалы өнім» тұжырымдамасы талқыланды. Палата директорының орынбасары Бауыржан Бердалиев алдымен шымкенттік кәсіпкерлердің «Атамекен» ҚР ҰКП ұйымдастыратын ҚР Президентінің «Алтын сапа» республикалық сыйлығын алуға арналған байқауына жыл сайын тұрақты түрде қатысып, жүлделі орын алып жүргенін мәлімдеді. Бұл байқау отандық өнімнің сапасын арттыруға, Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өнімдермен толықтыруға жағдай жасау және халық арасында сапа идеясын кеңінен таныту үшін ұйымдастырылады. Ал сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы Оспан Әбиев «Сапалы өнім» тұжырымдамасы іске қосылғанын айтты. «Мұндағы мақсат – сапалы өнімдер көлемін арттыру, сатылымдағы тауарлар арасынан сапасыз өнімдерді анықтап, шара көру. Осы мақсатта қаламызда ситуациялық штаб құрылды. Оның құрамында біздің департаментімен қоса, санитарлық-эпидемиологиялық департаментінің, техникалық реттеу және метрология департаментінің, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері бар. Бүгінге дейін азық-түлік, тұрмыстық заттар мен сусындардың бірнеше түріне зерттеу жүргізілді», – дейді Оспан Әбиев.

«Сейдалиев атындағы тұтынушылардың құқығын қорғау бойынша» қоғамдық бірлестігінің өкілі Айжан Сейдалиева бүгінге дейін 28 өнімге жасалған зертханалық зерттеудің нәтижесі алынғанын, нәтижелері сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жолданғанын мәлімдеді.Жиын барысында «Сапалы өнім» тұжырымдамасының мақсаты, халықаралық тәжірибесі, іске асыру тәсілдерін және алгоритмі талқыланды. Қалалық ситуациялық штабтың атқарылған жұмысы жайлы айтылды.