КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ЖОБА ШЕҢБЕРІНДЕ 8 ПАЙЫЗДЫҚ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕС ЖЫЛҒА ДЕЙІН БЕРІЛЕДІ

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығының алаңында Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ермек Тұрмановтың қатысуымен 2021-2025 жылдарға арналған бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және өңірлік инвестицияларды ұлғайту төңірегінде өткен баспасөз конференцияда мәлім болды.

Баспасөз мәжілісінде спикер кәсіпкерлікті қолдау мақсатындағы мемлекеттік бағдарламалар және өңірдің инвестициялық ахуалына толық тоқталып өтті.

«2021-2025 жылдарға арналаған ұлттық жоба шеңберінде пайыздық мөлшерлемемен субсидиялау – кіші және орта кәсіпкерлікті қолдауға арналаған бағдарлама. Кәсіпкер үшін 8 пайыздық жеңілдетілген несие бес жылға дейін беріледі. Аталған субсидия экономиканы жоғарылатуға арналған салаларға басымдық береді. Несиенің ең жоғарғы мөлшері 3 млрд. теңгені құрайды. Осы ретте, кәсіпкер субсидиялау механизімі аясында өтінім беру арқылы банкке жүгінеді. Ал банк жобаның қаржылық-экономикалық тиімділігіне кешенді бағалау жүргізеді. Одан кейін банк оң шешім қабылдаған жағдайда кәсіпкерге несие ұсыну бойынша хабарлама жолдайды. Кәсіпкер банк қарастырған оң шешім бойынша «Даму» қорына өтінімімен жүгіне алады. Аталған қор оң шешім қабылдаса, кәсіпкер мен банк арасында субсидия ұсыну бойынша үш жақты келісім шарт түзіледі. Кәсіпкер банктен 21,75 пайызбен кредит алады, ал оның 13,75 пайызын «Даму» қоры арқылы субсидиялайды», - деді басқарма басшысының орынбасары.

Сонымен қатар жобаның екінші бағыты – ішінара кепілдендіру. Кепілдендіру – әрбір кәсіпкер несие алған кезде кепілдік заттары жетпеген жағдайда жаңадан өз кәсібін бастаған кәсіпкерлерге «Даму» қоры 360 млн. теңгеге дейін кепіл бола алады. Ал іс әрекеттегі кәсіпкерлер үшін 1 млрд. теңгеге дейін кепілдік береді. Бұл кәсіпкерлер үшін зор мүмкіндік.

Бұдан өзге, ұлттық жоба шеңберінде кіші кәсіпкерлер үшін мемлекет – жаңа бизнес идеяларды іске асыруға грант ұсынады. Ол мемлекеттік грант 5 млн. теңгеге дейін. Ол үшін кәсіпкер өзінің бизнес жоспарын әзірлейді. Негізігі талап – грант иегері инновациялық жобаны ойластырып шығуы керек. Айта кетейік, бұл грантқа конкурс жылына 2 рет өткізіледі. Биыл бұл бойынша конкурс өткізілмеген.

Шымкент қаласының кәсіпкерлері үшін Ерімбетов көшесінің бойындағы №304 Г мекенжайында орналасқан арнайы фронт-офис құрылған. Онда бизнеске арналған консультация беріледі, бизнеске сүйемелдеу жұмыстары, бизнес-жоспар жазу және жеке, заңды тұлаларды мемлекеттік тіркеуден өткізу қызметтері көрсетіледі.

Сондай-ақ мемлекеттік бағдарламадан бөлек «Іскер қала» өңірлік бағдарламасы шеңберінде кіші кәсіпорындарды қолдау шарлары жүгізіледі.

Нақтырақ айтқанда, тоқтап қалған кәсіпорындардың жұмысын жандандыру мақсатында шағын және орта кәсіпкерлерге дайын өдірістік алаңдар ұсынылады. Қазіргі таңда 3 өндірістік алаң жұмыс істейді. Яғни кәсіпкер бизнеске арналған жобасын жоғарыда аталған фронт-офиске алып барып, тапсырады. Ол өңірлік үйлестіру кеңесінде қаралады. Бағдарламаның тиімділігі – кәсіпкер ғимарат салғаннан гөрі дайын ғимаратқа шет елден қажетті құралдарын алдырып, жұмысын дереу бастап кете алады. Өндірістік тараптың жалдау ақысын да мемлекет өтеп береді. Кәсіпкерге бірінші жылы 75 пайыз мемлекет тарапы өтеп берсе, екінші жылы 50 пайызы, үшінші жылы 25 пайызын өтейді. Аяқтан тұрып кеткен жағдайда кәсіпкер ары қарай бизнесін ұлғайтуға ұсыныс білдірсе, арнайы индустриалды аймақтардан жер учаскесін де қарастыруға мүмкіндік бар. 

Сауран ауданы: кірістер жоспары барлық ауылдық округтерде толық орындалған

Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында ауданның апталық жиналысы болып өтті. Мәжілісті аудан әкімі Мақсат Таңғатаров ашып, жүргізіп отырды. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты.

Сауран ауданында сүтті қайта өңдеу бойынша жаңа кәсіпорын іске қосылмақ

Зауыт жылына 4 мың тоннаға жуық сүт өнімдерін шығарады. Мекемені магистралды газ құбырына қосу мәселесі Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен кезекті Инвестциялық штабтың кезекті отырысында қаралды. Облыс әкімі жаңа жоба бастаушылар көтерген мәселелерді шешуді тапсырды. Инвесторлардың басым бөлігі инфрақұрылым тарту мәселесін ортаға салды.

Сауран ауданы: ауыл шаруашылығы мен жер қатынастарындағы өзекті мәселелер қаралды

Сауран аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаевтың төрағалығымен ауыл шаруашылығы мен жер қатынастарындағы өзекті мәселелер күн тәртібінде қаралды. Жиналысқа ауылдық округ әкімдері мен олардың ауыл шаруашылығы мен жер қатынастарына жауапты мамандары қатысты.

Сауран ауданы: Шаға ауылдық округінде жаңбырлатып суару арқылы картоп, сәбіз өсіру жобасы жүзеге асырылады

Сауран ауданы әкімінің орынбасарлары Мақсат Таңғатаров, Серік Садибаев, аудандық мәслихат депутаты Ерсұлтан Елеуов Шаға ауылдық округі тұрғындарымен кездесіп, олардың өзекті мәселелерін тыңдады.

Сауран ауданы: ауыл шаруашылығы бағытында несие алғандардың жалпы саны 71-ге жеткен

Сауран ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ербол Жанғазиев бастап, аудан әкімінің орынбасарлары Серік Садибаев пен Мақсат Таңғатаров Иассы және Оранғай ауылдық округі тұрғындарымен арнайы кездесіп, олардың өзекті мәселелерін тыңдады.

ШЫМКЕНТТЕГІ «ОҢТҮСТІК» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫНДА 76 ЖОБА ІСКЕ АСТЫ

 

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Оңтүстік» индустриалды аймағын аралады. Деп хабарлайды әкімнің баспасөз орталығы.

«Оңтүстік» индустриалды аймағы 2010 жылы «Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту» жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында құрылды. Жер көлемі – 337 гектар. Жалпы жоба құны 101,4 млрд теңгені құрайтын 96 жобаны іске асыру жоспарланып, 3 064 адамды жұмыспен қамту көзделген. Ашылған мерзімнен осы уақытқа дейін инвестиция көлемі 89,2 млрд теңгені құрайтын 76 жоба жолға қойылып, 2 648 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Ал бүгінде жалпы құны 12,2 млрд теңгені құрайтын 20 инвестициялық жоба жүргізілуде. Нәтижесінде, 416 жұмыс орны ашылады.

Аталған аймақ 2010 жылдан 2023 жылдың 1-тоқсанына дейін «Оңтүстік» қатысушы кәсіпорындары өндірген тауар айналымы 452,3 млрд теңгені құрап, өнімнің экспорт көлемі 100,8 млрд теңгеге жетті.

Қала басшысы аймақты аралау кезінде «ЕВРО Кристалл» ЖШС, «QazAlpak» ЖШС кәсіпорындарының жұмысы және «Асфальт–А» ЖШС зауыты құрылысының 2-кезеңімен танысты.

Шыны ыдыс шығаратын «ЕВРО Кристалл» зауыты инвестиция сомасы 3 800 млн теңгені құрайтын 300 жұмыс орны қамтылған. Жылына өндірістік қуаты 200 млн бірлікті құрайды. Жеңіл металдан орайтын материалдар шығаратын «QazAlpak» зауытының инвестиция көлемі – 23 400 млн теңге, 145 жұмыс орнын ашу көзделген. Жылына өндірістік қуаты 500 млн бірлікке жетеді. Бүгінде «Асфальт–А» зауытының II кезең жұмыстары аяқталуға жақын. Алдағы уақытта мұнда жаяу жүргіншілер жолына төселетін Терраццо плиткалары шығарылады.

Қала әкімі «Оңтүстік» индустриалды аймақтың жұмысымен танысу барысында мемлекеттік қолдау негізінде кәсіпкерлерге жан-жақты көмек көрсетілетінін жеткізді.

 

Түркістан облысында су шаруашылығы жүйелерін қалпына келтірудің жол картасы әзірленді

Түркістан облысына Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов жұмыс сапарымен келді. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды министрмен кездесіп, ағын су және ауыз су мәселелерін шешу бағытындағы жоспарларды саралады. Бірлесе, тығыз байланыста жұмыс істеуге уағдаласты.